16 Қазан — Дұрыс тамақтану күні

16.10.2012 күні университетімізде «Дүниежүзілік дұрыс тамақтану күні» аталып өтті.Аталған іс-шара «Ұлттық салауатты тамақтану» орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Іс-шараға стоматология факультеті тәрбие-ісі бойынша декан орынбасары Алмагүл Сайпудинқызы қатысты.
Жиын барысында орталық жетекшісі Айгүл Нағамбекқызы студенттерге дұрыс тамақтанудың маңызы жайлы көптеген пайдалы,қызықты ақпараттар беріп,слайд арқылы фильм көрсетіп,сұрақ-жауап алмасты.
Факультетіміздің 1-ші курс студенттері іс-шараға өте белсенді қатысып, ұйымдастырушыларға өз сұрақтарын қойды. Қатысушыларға «Ұлттық салауатты тағамтану» орталығының мүшелері әр түрлі пайдалы журналдар таратып, ақпараттармен алмасты.
Студенттер жиыннан жақсы әсер алып, өзара ой бөлісіп, тарқасты.
Стоматология факультетінің І курс студенті, Ақпараттадыру және Қоғамдық істер секторы Ермек Динара