Алма-Арасан тау шатқалындағы демалыс

«Балалар жасындағы стоматология пропедевтикасы және ортодонтия» модулінің оқытушысы, тьютор Мухамедиярова Марал Маратовна, 2013 жылдың қазан айының 19 жұлдызында, стоматология факультетінің СТ12-003-1,2 топтарымен Алма-арасан тау шатқалына табиғат аясына демалуға барды. Өзен жағалауында дастархан жайылып, гитарамен әндер шырқалып, логикалық, спорттық ойындар ойнатылды. Табиғатқа тамсанып, тауға шығып, таза ауамен демалып қайттық.