Болашақ стоматолог,дарын иесі – Сагинова Динара

13.02.2013 күні университетімізде бұрын соңды болмаған стоматология институтының 1 курс студенті жас талант,дарынды суретші,көптеген «Орал өңірін таныту», «Жайық толқыны-2009», «Жас дарын» секілді республикалық байқаулармен фестиваль жүлдегері Сагинова Динараның жеке авторлық,ашық,сурет көрмесі өтті. «Дарынды балалар Қазақстанның болашағы» атты кітапқа енген Динараның суреттері Астана,Орал қалаларының мұражайының төрінен әлдеқашан орын алған.

Университетіміздің тәрбие-ісі жөніндегі департамент бастығы Шыңғысбаев Лескен Сейдіғалымұлының және де университет басшылығы,проректор Төлебаев Қазбек Ағабылұлының тікелей қолдауымен,Стоматология институтының деканы Амантаев Бақанай Амантайұлының және де студенттік деканаттың ұйымдастыруымен өткен көрме өте үлкен дәрежеде өтті.

Рәсімді ректор кеңесшісі,профессор Мұстафина Жанара Ғабиденқызы салтанатты түрде ашық деп жариялады.

Динара өзінің суреттерін таныстырып болғаннан кейін,көрме соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Көрмені дәріптеуге арнайы «Білім» телеарнасынан корреспонденттік топ келді,сонымен қатар көрмеге жиналған көпшілік жас талант иесі Динараның өнеріне тәнті боп,жақсы көңіл-күйде тарқасты.

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы Ермек Динара