Біз жемқорлыққа қарсымыз

2016 жылдың 10 қарашасында ортопедиялық стоматология кафедрасында, “ҚазҰМУ-дың жемқорлыққа қарсы саясат” бағдарламасы аясында қызметкерлер мен студенттер арасында конференция жүргізілді. Конференцияға кафедра ассисстентері, 2 және 4 курс студенттері, тәрбие ісі жөніндегі зам.деканы А.Д. Жексембиева , Этикалық Кеңестің Төрағасы, ректор кеңесшісі, профессор Ж.Ғ. Мұстафина қатысты.

Этикалық Кеңестің Төрағасы, ректор кеңесшісі, профессор Ж.Ғ. Мустафина ,кіріспе сөзімен іс шараны ашып, пікірталас өткізді. «Жемқорлық – қоғамының дерті» тақырыбы бойынша стоматология факультетінің 4- курс студенті А.Т. Рахметжанова презентациясымен баяндама жасады.

Медицина және білім беру саласында жемқорлық туралы 3 бейне ролик көрсетілді. Конференция соңында сұхбаттасу жүргізілді.