Жарқыра, жайна университетім!

Баршамыз білетіндей, әр жыл сайын 2-4 желтоқсан аралығында университет күндері тойланады. Биылда, дәстүрімізге айналған мерейтой өз жалғасын тапты.Университетіміздің шаңырақ көтергеніне 83 жыл толды. Қаншама өмірдің арашасы болар ақ халатты абзал жандарды дайындап,түлек етіп шығарған университетімізбен мақтанбасқа болмас.

Әр жылы университетімізде жан-жақты іс-шаралар өтіп жатады. Өзге елдерден көптеген медициналық университет ректорлары өздерінің құттықтауларымен келіп жатты. 3 күнге арналған өткізілетін іс-шаралар жоспары бойынша ,бүгінгі күні өткізілетін іс-шараның бірі,ол әр факультеттің студенттік үкіметі мен студенттік деканатын таныстыру және студенттік үкімет төрағалары және төрайымдарының өз бағдарламасын таныстыруы жоспарланған болатын.

Даңқ залында өткен бұл іс-шараға әр факультеттің студенттік үкіметі мен деканаты және белсенділері қатысты. Сонымен қатар,құрметті қонақтар ретінде академик Шарманов Т.Ш, ректорымыз Ақанов А.А, «Антикор» ұйымының төрайымы Мұстафина Ж.Ғ қатысты. Әр мемлекет пен қалалардан келген студент қонақтарда қызығушылық танытып келген екен. Құрметті қонақтарымыз өздерінің құттықтау сөздерімен іс-шараны ашып берді.

Алдымен,студенттік үкімет басшылары өздерінің бағдарламаларын ұсынып,әрмен қарай ұйымдастырушылар сол студенттік үкімет басшыларымен студенттік декандарын марапаттап,арнайы құжаттар табыс етті.Өзіміздің Стоматология факультетінің белсенді студенті,студенттік үкімет төрағасы Бөріхан Ерболат өзінің бағдарламасын ұсынып,факультет атынан талантты суретші қызымыз Сагинова Динараның авторлық , арнайы университет күніне арнап салған суретін Динарамен бірге сыйлық етіп табыстады.

Міне,осындай белсенді студенттеріміздің арқасында еліміз өркендеп,дами бермек.Болашақ бәсекеге қабілетті,мықты,өз ісінің маманы болатын,халықаралық дәрежедегі дәрігер болу үшін тек қана сабақ оқып қана қоймай,қоғамдық өмірге белсене атсалысып,сөйлеу қабілетімен ойлау қабілетін дамытып,болашаққа үлкен сенімділікпен қарау керек.

Қорыта айтарымыз,ҚазҰМУ туған күнің құтты болсын!Жарқыра,жайна университетім.

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы

Ермек Динара