Медицина барлық өнердің ішіндегі ең игісі

19.04.16 күні факультет көлемінде «Медицина барлық өнердің ішіндегі ең игісі» тақырыбында іс – шара өтті. Шараны Стоматология факультетінің студенттері мен Медициналық биофизика модулінің аға оқытушылары Алмабаева Н.М., Умирбекова З.К. және оқытушы Ильясова Г.О. ұйымдастырды. Негізгі кейіпкер Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, қоғам қайраткері, ректордың кеңесшісі Мустафина Жанар Ғабиденқызы болды.

Жанар Ғабиденқызы өзінің балалық, студенттік шақтары мен әкесі жайлы естеліктер айтты. Дәрігер мамандығының қыр сыры мен қиыншылықтары туралы да сөз қозғады. Сонымен қатар Ғ.Мустафин туралы студенттер өмірі, шығармашылық белестері мен айтып кеткен афоризмдері туралы презентациялар дайындап көрсетті. Жазушыға арналған өлеңдерін ортаға салды. Студенттер сұрақтар қойып кеш қызықты да тартымды өтті.