Наурыз

Күллі шығыс жұртына ортақ мереке – Наурыздың тарихы тым тереңде жатыр. Күн мен түн теңелетін, ырысы мол мереке біздің жан – дүниемізді шуаққа бөлейді, ой – ниетімізді таза арнаға бұрады. Бұл кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі. Бұл күні біз өткен жылы жасаған жұмысымызға есеп беріп, келешекке жоспар құрамыз, тәуелсіз еліміздің өркендеп, өсуі жолында жаңа бастамаларға негіз қалаймыз. Наурызда айтылған барлық тілек қабыл болады деген де наным бар.

Қазіргі уақытта Наурыз жаңа сипатқа ие болды, ұлтына, діни сеніміне қарамастан Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Халықтар арасындағы достықты бекітуге, бауырластық қарым – қатынастардың нығаюына, әр ұлттың салт – дәстүрінің қайта жаңғыруына осы мейрам үлкен үлесін қосып отыр.

19 наурыз күні С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университетінде Әз Наурыз мейрамы аталып өтілді. Жыл сайын үлкен көлемде тойланатын бұл мейрам биыл да кең ауқымда өткізілді. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын өскелең ұрпаққа сіңіру, үйрету үшін бұл шараның маңызы өте зор. Талшыбықтай бұралған әсем қыздардың биі мен қоңыр дауысты әншілердің әндері бұл мерекенің сәнін келтірді. Көптеген қазақтың ұлттық ойындары ойналып, мықтылар күш сынасты. Берекелі наурыз көже дайындалып, қонақтарға ұсынылды. Осындай университетішілік шараға барлық факультеттер қатысты. Соның ішінде стоматология факультеті де өзінің белсенділігімен көзге түсті.

Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мейрамы, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін – әз Наурызбен шын жүрегімнен құттықтаймыз!

Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт – береке әкелсін. Баршаңызға амандық, саулық, дастархандарыңызға молшылық тілейміз!

Алқа қотан», т.б., ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан»айналасындағы тамашамен аяқталатын.

Сол сияқты біздің қара шаңырақ университетіміздің студенттер қауымы да қазақ халқының қасиетті мейрамы әз Наурызда атап өтті. Барлық жатақхана ұжымы бұл шараға жұдырықтай жұмылып, өте жоғары деңгейде өтуіне ат салысты. Біздің стоматология факультетіміздің жатақхана студенттері мерекеде өз өнерлерін көрсетті. Ақ дастархан жайылып, қолдарынан бал тамған апайларымыздың дайындауымен наурыз көже пісірілді.Керемет ән шырқалып, мың бұралған биші қыздарымыз би биледі.Ұлттық ойындар ойналып, мықтылар мен күштілер өз бақтарын сынады. Осындай сайыстарда стоматология факультетінің тепсе темір үзетін жігіттері топ жарып, 1 орын иеленді.