Стоматология факультетінің студенттік үкіметін және студенттік декан сайлауын өткізді

Стоматология факльтетінің деканының, Б.А.Амантайұлының жарлығы бойынша 23.09.2015 жылы сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері бекітілген.

Сайлау комиссиясының төрағасы: 5 курс студенті – Асанов Б.
Сайлау комиссиясының мүшелері: 4 курс студенті – Әбденбаев Қ.
4 курс студенті – Балкан А.

Сайлауға 2-5 курс студенттерінен сайлауға үміткерлерден өтініші қабылданды.

Стоматология факультетінің студенттік үкіметінің төрағасына үміткерлер:
2 курс студенті – Абдулла Қайрат.
4 курс студенті – Ермек Динара.

Студенттік деканға үміткерлер:
2 курс студенті – Әлжекесова Бибігүл.
2 курс студенті – Ануарбекова Сымбат.

Сайлауда дауыс беруші студенттер оқу үлгерімдеріне, университетпен факультет өміріне белсене араласатын белсенділермен қатар старосталар іріктеліп алынды.

Сайлау С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУінің “Даңқ” залында сағат 16:00 ден 18:00 ге деін жалғастырылды.

Сайлау участкесі стоматология факультетінің деканы А.Б.Амантайұлының құттықтау сөзімен басталды. Факультетіміздің студенттер деканы 5 курс студенті Асанов Бақытжан жыл бойғы есебімен таныстырып, сайлауға қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайлауға түсуші үміткерлер өздерін таныстырып, осы күнге дейін қол жеткізген жұмыстарымен және алдағы көздеген мақсаттарымен бөлісті.
Сайлау барысында ешқандай ережелер бұзылмады. Сайлау ашық түрде өткізілді. Сайлаушылар өздері қалаған үміткерлеріне дауыс берді.

Қорытынды:

Стоматология факультетінің студенттік деканының деканына үміткер Ануарбекова Сымбат өзінің ұтқырлығымен студенттік декан болып сайланды. Сайлаушылардың көп дауысына ие болған, аса басымдылықпен Ермек Динара стоматология факультетінің студенттік үкіметінің төрайымы болып тағайындалды.
Сайлауды факультетіміздің деканы қорытындылап, құттықтау сөзін сөйледі. Студенттердің деканы мен үкіметінің төрайымына алдағы уақытта жүктелген жұмыстарды абыроймен атқарып, факультетіміздің гүлденуіне бар күштерін жұмсайды деген үміт артылды.

Ақпараттандыружәнеқоғамдықістерсекторы

Әлжекесова Бибігүл