Ғылым ордасы

Ғылым ордасы

30.10.15 күні «Стоматология» факультетінің СТ15-001 топ студенттері мен тьютор Алмабаева Н.М. «Ғылым ордасына» барды. Онда орналасқан төрт мұражайға экскурсия жасады.

  • Археологиялық мұражай;
  • Сирек кездесетін кітаптар мұражайы;
  • Қазақстан ғылымының тарихи мұражайы;
  • Табиғат мұражайы.

Әр мұражайда қойылған мұрахаттар мен тарихи ескерткіштер көптеп саналады. Әр тарихи жәдігердің сол заман туралы сыр шертетін өзіндік тарихы (әдет-ғұрпы, салт санасы, бейнесі және т.б.) мен сипаты туралы мұражай қызметкерлері кеңінен таныстырып, түсіндірді. Студенттер үлкен әсер алды. Мұражай қызметкерлеріне көп алғыс білдіреміз.