ҚР Президентінің Халыққа Жолдауынан «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» атты тақырыбында өткізілген кеш

Жалпы медицина және стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің 1 курс студенттері мен информатика модулінің оқытушылары, доц. Ажибекова Ж.Ж., оқыт. Жыланбаева Б.К. ұйымдастыруымен ҚР Президентінің Халыққа Жолдауынан «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» атты тақырыбында кеш өткізілді.

Кеш 2017 жылдың 2 наурыз күні ұйымдастырылып, кешке стоматология, жалпы медицина, ҚДС факультеттерінің декандары шақырылды.

Кештің мақсаты: Президентіміздің:«Біз Жалпы ұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдыруда қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Мәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші,ешқашан таусылмас куат көзі. Ол «Казақстан – 2050» стратегиясының ғана емес, ХХI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры тапсырмаларды орындауда бар ынта-жігерімізді жұмсауға шақырамын» деген ұранмен жастардың бойында болашаққа деген ұмтылысын арттыру, бүгінгі күн талабына сай ел бірілігі барша табыстарымыздың кілті ретінде, тұрақты дамудың Қазақстандық моделін құрудағы іс – шараларға жастардың атсалыса қатысуына бағыт беру.

Кешке стоматология және жалпы медицина, ҚДС факультеттерінің 1 курс студенттері белсене қатысты. Елбасының халыққа жолдауының басты бағыттары мен табысты жетістіктерін статиситкалық даму деректерін, бейнефильмдер арқылы, презентациялар мен дәлелді іс-шаралардың көріністерімен кең ауқымды баяндады. Студенттердің патриоттық белсенділіктерінің жоғарылығынан кештің болашақ ұрпаққа деген әсері мол болды. Кеш соңында барлық топтардың белсенділеріне мақтау қағаздары тапсырылды.