Дәстүрлі спартакияда ойындары

24.10.2012 күні С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ – ң бірінші курстар арасында жыл сайынғы дәстүрлі спартакияда ойындары басталған болатын. Бұл спартакиядаға Стоматология факультетінің студенттері өте белсенді қатысты. Спартакияданың бірінші күні ұлдар арасында баскетбол, волейбол, бокс және стол теннисі ойындары болып өтті. Аталған ойындар бойынша стоматология факультетінен құралған командалар жоғары нәтижелі ойын көрсетті. Нәтижесінде біздің команда баскетболдан 1-ші , волейболдан 2-ші орынды жеңіп алды.Бокстан Оспанов Алибек 3 орынды, ал, стол теннисіне келетін болсақ, Усарова Айдын 2-ші орынды иеленді.

Спартакияданың екінші күні шахмат,қыздар арасында баскетбол және қазақша күрес ойындары басталды.Жарыс өте тартысты өтті.Сонымен біздің факультетіміз шахмат бойынша командалық топпен 1-орынға ие болды яғни:Вонсинвун Мухамед, Пайзбеков Батыр,Ермек Динара .Қазақша күрестен Төреқұлов Үсен, Муллоташев Шерзод 1 орынды жеңіп алды,ал Медеу Әбділ 3-орынға ие болды. Баскетболдан нәзік жүректі қайсар қыздарымыз 3-орынға ие болды.

Үшінші күні яғни соңғы күні ұлдар арасында футбол, қыздар арасында волейбол ойындары болып өтті. Нәтижесінде футболдан жүлделі 2-ші орынды факультетіміз иеленді.

31.10.2012 күні спартакияданың жабылу салтанатының күәсі болдық. Марапаттау рәсімі салтанатты түрде өтті. Сонымен,біздің факультет жалпы факультеттер арасында 2-ші орынды жеңіп алды.Біздің факультетіміздің қоржынына 3 кубок, 60 мақтау қағазы салынды. Ең үздік ойын көрсеткен студенттерге келер болсақ ,олар Тынышбек Рамазан, Умаров Мансур,Оспанов Алибек, Вонсинвун Мухаммед, Муллаташев Шерзод, Юсонтаева Дурдона, Төлегенова Аида , Жапакова Мөлдір,Сатыбалды Жадыра,Ягшимуратов Сердар,Сагинова Динара,Балқан Ақылбек,Нарбеков Муса,Тұматай Асылхан,Медеу Әбділ,Төреқұлов Үсен,Тағайбек Қалаубек,Мамиров Нурсултон,Серикбаев Үсен,Тасилова Нұргүл,Бермуханова Сымбат,Агаева Элина.

Студенттерге қолдау көрсеткен факультетіміздің ең үздік Жанкүйерлер командасына және Алмагүл Сайпудинқызына үлкен алғысымызды білдіреміз!!!

Стоматология факультетінің бірінші курс студенттері жарайсыңдар!!!Тек қана алға!!!

Дайындаған Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы

Ермек Динара.