Мейрімділік жүректен!!!

Терапиялық стоматология пропедевтикасының тьюторлары №7 корреляциялық мектеп-интернатқа өз тьюторлық топтарын апарып, жанашырлықты, мейрімділікті, қамқорлықты студенттер бойына сіңіруді жолға қойған. Сондай бір кезі келген уақытты пайдаланып модуль тьюторлары Манғытаева Б.Б., Уразбаева Б.М., Смагулова Е.Н., Жаханова С.Н. –3 курс кураторлық топтарымен №7 корреляциялық мектеп-интернатқа тағы да барып қайтты.

Мақсаты: адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алу.

«Мейрімділік – жүректен» – дейді дана халқымыз. Кезінде Абай атамыз да өзінің қара сөздерінде «Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ» – деген. Махаббат барлық адамгершілік бастауы десек, адам жүрегі махаббатқа сүйіспеншілікке толы болса ғана: мейрімділік, адалдық сияқты асыл қасиеттер байқалып тұрады. Бар мейрімділік, ізгілік, рақымдылық, имандылық, бауырмалдық, секілді ізгі қасиеттер жұдырықтай жүрегімізден шығауы қажет.

Мейрімділік дегеніміз не?

Мейрімді – ол өзгелердің игілігі үшін қамқор болу. Мейрімді жан қашанда өзге адамға, туған-туысқандарға, табиғатқа деген жанашырлық сезімін, қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады.

«Табиғаттағы барлық жылу күннен, өмірдегі барлық жылу – адамнан» – демекші, бір-бірімізге деген қамқорлығымызбен, бауырымалдығымыз шынайы болып, азаймаса екен. «Мейірімділік» ― адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алу.

Студенттер тьюторларымен бірге 6-7-8 сынып оқушыларына «Ауыз қуысының гигиенасы» тақырыбына семинар оқып әр балаға Колгейт тіс пасталарын сыйлыққа берді. Сонымен қатар 22 сәуір күні №7 мектеп-интернат ауласына топырақ тасып, газон отырғызып,студенттер өздері сатып алған раушан гүлдерін егіп көгалдандыру жұмысына қатысты. Мектеп ұжымы тьюторлар мен студенттердің еңбектерін бағалап ҚазҰМУ ректоры атына алғыс хат жолдады.