Хирургиялық стоматология модулі

Хирургиялық стоматология модулі оқу кеңесінің №1323 12.07.2011ж. шешімі бойынша хирургиялық стоматология кафедрасын 2 модульге бөлу арқылы құрылған.

Хирургиялық стоматология кафедрасы 1962 жылы АГМИ-ң госпитальді хирургия кафедрасы кезінде хирургия курсы базасында ұйымдастырылған.Кафедра меңгерушісі болып Евгений Феофанович Чернов тағайындалды.

Е.Ф.Черновтың жас факультет үшін ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындауда еңбегі зор.Өзінің қысқа ,бірақ жарқын өмірінде Евгений Феофанович көптеген ғалым-педагогтарды дайындап үлгерді(Я.А.Раушенбах,Р.Г.Дмитриева,А.Н.Фокина,А.И.Химиг,А.Я.Зазулевская,Д.С.Сагатбаев,Т.К.Супиев,Г.Д.Мишина,К.Е.Рысдавлетов,В.В.Халитова,К.К.Куракбаев,Ш.Б.Камалов) олардың көпшілігі қазіргі таңда жетекші мамандар иесі.

Е.Ф.Черновпен ұйымдастырылған хирургиялық стоматология кафедрасы қазіргі күнге дейін Қазақстан стоматологиясы үшін жоғары мамандандырылған ғылыми-педагогикалық кадрлардың,мұнда өзінің шығармашылық жолын профессор Д.А.Коротный,Т.К.Супиев,Л.Я.Зазулевская,Д.С.Сагатбаев,К.Т.Толеуов,К.З.Шалабаева,В.П.Русанов,К.К.Куракбаева ,доценттер:Т.У.Батыров,Ш.Б.Камалов,Б.А.Умбетяров,Х.Л.Сагандыков,З.К.Курмангалиев,м.ғ.к. Р.Н.Жартыбаев бастады.

1974-1980 жж. кафедраға м.ғ.к. доцент Мария Павловна Осколкова жетекшілік етті.Тәжірибелі клиницист-хирург .М.П.Осколкова республика үшін жақ-бет хирургтарын дайындауда үлкен еңбек сіңірді.

1980ж.бастап кафедра меңгерушісі Жақсылық Бекбатырұлы Оразалин болып табылады.Ол оқытушылық жұмыспен бірге Республикалық стоматологиялық поликлиниканың бас дәрігері мен КазССР ДМ бас стоматологы жауапкершілік қызметті жақсы біріктіре білді.Бойындағы ұйымдастырушылық қабілеті нәтижесінде Ж.Б.Оразалин сол жылдары Қазақстандағы стоматологиялық білім беруде стоматологиялық қызметтің дамуын баға жетпес еңбек сіңірді.Ж.Б.Оразалиннің еңбегі арқасында АГМИ-ң стоматологиялық поликлиникасы Республикандық статусқа ие болды,және де АГМИ-ң стоматологиялық кафедрасы үшін оқу базасы болып қала берді.

Жақсылық Бекбатырұлы институт өміріне белсенді қатысты,1978-1984жж.аралығында АГМИ-ң стоматология факультетінің деканы,1989-1995жж.клиникалық жұмыс және ҒЗЖ бойынша ,проректор, 1995-2001 жж.оқу жұмысы бойынша проректор қызметтерін атқарды.Ол докторлық және кандидаттық қорғау бойынша мамандандырылған Кеңесті ұйымдастыруда белсенді қатысты және негізделген күннен бастап алмастырылмайтын орынбасары болып келеді.Кеңестің ұйымдастырылуы Қазақстандағы стоматологиялық ғылымның дамуында маңызды орын алды.Осы жылдар барысында 8докторлық және 70-тен астам кандидаттық диссертациялар қорғалды. Орнатылған күннен бастап және әсіресе 80-і жылдары хирургиялық стоматология кафедрасы Мәскеу,Ленинград,Калинин,Минск,және басқа да бұрынғы СССР қалаларының ұжымдарымен тығыз ғылыми байланысты ұстап келеді .Қазақстанның стоматолог-хирургтарының оқытушы жетекшілері болып жақ-бет хирургиясының кеңес мектебінің жарқын түлектрі,профессорлар,әлемдік атағы бар ірі ғалымдар :А.И.Евдокимов,В.С.Дмитриева,А.А.Лимберг,Н.Н.Баженов,Ю.И.Бернадский,И.И.Ермолаев,В.А.Козлов,В.М.Безруков,В.М.Соловьев,А.С.Григорян,В.В.Паникоровский.Олардың еңбегі және баға жетпес көмегінің үлкен әсері тиді.Стоматология мамандығы бойынша 21 медицина ғылымдарының докторлары ішінде 9-ы жақ-бет хирургтары болып табылады.Бұл профессор Ж.Б.Оразалин,Т.К.Супиев,К.Т.Толеуов,Д.С.Сагатпаев,А.Г.Курашев,В.П.Русанов,А.Ж.Есимов,К.З.ШАлабаева,К.К.Құрақбаев.олар өздерінің оқытушыларының жолдарын қуып,ҚР-да жақ-бет хирургиясының дамуында және стоматологиялық кадрларды дайындауда ұмытылмас еңбек сіңірді. 0513302 “Стоматология” мамандығы бойынша даярлау хирургиялық стоматологияның барлық бөлімдерінің практикасы мен теориясының сұрақтарың бес негізгі компетенцияда қарастырамыз. -Аксиологиялық компетенция –соғыс және бейбіт жағдайындағы жергілікті тұрғындарға хирургиялық стоматологиялық көмекті ұйымдастыру мақсаттарын білу,жақ-бет аймағындағы негізгі аурулардың этиологиясы мен патогенезіне заманауи көзқарастармен қарау. -Операциялық компетенция-диагноз қою мен салыстырмалы диагноз жүргізу мақсатында алынған мағлұматтарды жүйелеу мен науқасты клиникалық тексеру дағдыларын қалыптастыру ,жақ-бет аймағындағы аурулармен зақымдалған аймақты жүйелі –патогенетикалық емдеу жоспарын дұрыс құрастыра білу.Стоматологиялық негізгі ауруларды болжамдау мен алдын алу шараларының мақсатын білу. -Когнитивті компетенция-өзін танитын және өзінің науқастарын,ұжымдағыларды дұрыс бағалау және дұрыс тіл табыса білу ,адамдармен дұрыс қарым-қатынас орната білу ,дұрыс тіл табысу,қиын клиникалық жағдайларда өзін тиімді ұстай білу. -Құқықтық компетенция-ҚР –дағы хирургиялық стоматологиялық көмекті ұйымдастыру және нормативті құқықтың негізін білу. -Үздіксіз оқыту компетенциясы- нарықтық медицина жағдайының үлгерімін қамтамасыз ету.

Хирургиялық стоматология модуліндегі тапсырманы оқыту:

Когнитивті компетенция.Оқыту: -Хирургиялық стоматологияның даму тарихын және оның дамуындағы ғалымдардың еңбегін, жергілікті тұрғындарға хирургиялық стоматологиялық көмекті ұйымдастыру сұрақтарын құрастыру. -Дәрігер-стоматологтың науқастарды тексеру қағидалары:стоматологиялық ауруларды салыстырмалы диагностикалау үшін негізгі және қосымша тексеру әдістерін жүргізуді оқыту.

-ЖБА қабыну ауруларының жалпы асқынуының(сепсис,медиастенит,кавернозды синустың тромбозы және т.б.)клиникасы мен алдын алу шараларын оқыту. -Бейбіт және соғыс уақытындағы тіс,жақ және жұмсақ тіндердің жарақаттарын, жіктелуін,статистикасын. -Беттің жұмсақ тіндерінің зақымдалу ерекшеліктері.Бет жарасын біріншілік хирургиялық өңдеуді жүргізу ерекшеліктері ,жараның жазылу кезеңдері. -Төменгі жақ сүйек сынығы:денесі,бұтағы,жоғарғы жақ сүйек сынығы Ле-фор I,II,III ашық ,жабық ,жұмсақ және сүйек тіндерінің ақауымен және ақауынсыз. -Ұрттың,ауыз қуысының ,беттің термиялық,химиялық,радиациялық және аралас зақымдалуы. -Стоматоневрологиялық аурулар.Үшкіл нервтің невралгиясы және үшкіл және бет нервісінің невриті. -Самай төменгі жақ буын ауруларының салыстырмалы диагностикасы,ревмотоидты артрит,остеопороз, контрактура, буын анкилозы. -Алдын-алу қағидалары,тексеру, диагностикалау, комплексті емдеу. -Ісіктердің биологиялық маңыздылығы туралы заманауи көзқарастары.Онкологиялық қызметтерді ұйымдастыру. БЖА ісіктерінің этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, алдын алу және емдеу қағидалары. -Дәрігер-стоматологтың мақсаты: ісікке қарсы көмекті ұйымдастыру,онкологиялық сақтықтың қағидалары. -Бет-жақ аймағындағы ақаулар мен деформациялардың түрлері,қалпына келтіру операциясының әдістері, көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері. БЖА ВИЧ инфекциясы немесе СПИД-тің пайда болуы, алдын алуы. Операциялық компетенция : Дағдыларды қалыптастыру. –Жақ –бет аймағының аурулары бар науқастарды тексеру, беттің жұмсақ тіндерін самай төменгі жақ буынын тексеруді бекіту: сілекей безін және регионарлы лимфа жүйесін: тістерді шұқып тексеру, патологиялық тіс қызыл иектік қалтаны,сілекей бездерінің түтігін және жыланкөзді: тістерді перкуссияға және ыстық- суыққа электроодонтодиагностика: жоғарғы жақ сүйегінің қойнауына рентгенконтрасты заттарды енгізу, жыланкөз, ауыз қуысын, сілекей безін, пародонт ауруларының жұмсақ тіндердің отрофиясын және тістердің қозғалғыштығын анықтау; диагностикалық пункцияны жүзеге асыру, функциональді дигностикалық сынаманы жүргізу және диагностикалық матириалдарды алу; жалпы анализ, панорамды, бағытталған дентальді және контрасты рентгенограмма, телерентгенограмма, томаграмма, электромиограмма.

естен тану кезінде дәрігерлік жедел көмек көрсету, колапс, шокта, алергиялық реакциясын, қан кетуді және сынықты, шұғыл көмек, жараға біріншілік хирургиялық өңдеуді жүргізу, венепункция және венесекция, трахеостомия және т,б. Емдеу профилактикалық мекеме мамандарына науқастарды бағыттау,шұғыл операцияларға көмектесу.

жақ бет аймағының қабыну ауруларына емдеу әдісін және жоспарлар құру, медициналық құрылымдарда науқастарға ем жүргізудің заманауи әдістері.

жақ бет аймағындағы флегмона және абцесстерді ашуды жүргізу, секбестрэктомия, жоғарғы жақ қойнауының пункция, мұрынды тампонада және аалдыңғы реноскопия цистотомия және цистоэктомия.

Невралгия кезінде үшкіл нервтің бұтағына алкоголизацияны енгізу, сілекей безінің конкрементті алып тастау.

7. жақ бет аймағындағы жарақаттарды емдеу, беткей күйіктерге және жараға біріншілік хирургиялық өңдеуді жүргізу, қанағуды тоқтату және тамырларды тану; шыққан тістерді бекіту, жақтардың сынығын және басқада бет сүйектерінің сынықтарының иек асты сақпан тәріздес тану, жақтардың сынығында легатуралы таңба мен уақытша бекіту, сым темірлі және стандартты шина мен шүиналарды тез қатайатын пластинамен бекіту.

Ауыз қуыындағы және беттегі ұсақ қатерсіз ісіктерді алып тастау.

-Ем үрдістеріне физиотерапиялық ем шараларын беру, опреациядан кейінгі кезеңде науқастарды шақыру. Тамақтандыру және күтім жасау;жақ бет аймағының ауруларында және ауыз қуысының зақымдану кезінде гигиеналық өңдеу.

-Қосымша ауруларын жою, жергілікті маман дәрігерлер комплексті еміне және жалпы соматикалық ауруларына қарау.

-Аксиологиялық компетенция. Оқыту.

– Дәрігердің этикасы және дентологиясы негізгі қағида.

Орта және кіші медициналық қызметкерлерді оқыту; санитарлы ағарту жұмыстарын халық арасында жүргізу.

құқықтық компетенция.

Бет жақ аймағындағы жарақаты бар науқастардың еңбеке қабілеттілігін анықтау, еңбекке жарамсыздық қағазын толтыру , әр түрлі медициналық және қаржы документациялық құжаттарды толтыру.

компетенцияны үздіксіз оқыту.

Медициналық оқытуларды қолдану, профессионалды тапсырмаларды ауқымды әдебиеттермен жүргізу.

Әдістемені ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру; жаңа эфективті емдік әдістерді құрастыру және оларды тәжірибегеде енгізу.

Хирургиялық стоматология модулі университеттің 12.07.2011. жылы 1323 болған ғылыми кеңесінің шешімі бойынша хирургиялық стоматология кафедрасын екі модулге бөлгенмен құралды, ал хирургиялық стоматология кафедрасы 1962 жылы құрылды.

8 Хирургиялық стоматология модулінің ұжымы.

Оразалин Жақсылық Бекбатырұлы; м.ғ.д,профессор . Оразалин жақ-бет аймағының – медицина ғылымдарының докторы, профессор,1980 жылдан бастап ҚазҰМУ-де хирургия кафедрасын басқарады . Қазіргі уақытта хирургиялық стоматология модулінің профессоры. Қ.Р-да бет-жақ хирургия және стоматологияның негізін қалаушылардың бірі. 129 ғылыми мақаланың хирургиялық стоматология бойынша оқулықтар мен әдістемелік нұсқаулардың авторы. Бет жақ хирургиясының сұрақтары бойынша 15-тен аса тапқырлық ұсыныстар еңгізді. Оразалин жақ бет аймағының жетекшілігімен 4 докторлық 17 кандидаттық диссертация қорғалды.

Даулетхожаев Нургали Амангелдиевич м.ғ.к, доцент. ҚазҰМУ-де хирургиялық стоматология модулінің жетекшісі. Ғылыми бағыты-БЖА- дағы жарақаттардың диагностикасы және емі. Дисертация тақырыбы: Төменгі жақтың бұрышы аймағындағы сынықты емдеуде заманауи материалдарды қолдану. 23 жазба жұмысы 2 тапқырлық куәлігінің авторы . 1 инновационды патент : 15.04.2011,бюллетень № 4

Ибрагимова Роза Сафиуловна м.ғ.д, профессор Ғылыми бағыты- БЖА-дағы нейростоматологиялық ауруларды диагностикалау.Докторлық диссертацияның тақырыбы « СТЖБ дисфункциялық ауру синдромы.Патогенезі ,диагностикасы, емі». 140 жазба жұмысы, 6 тапқырлық куәлігінің авторы.6 рациональді ұсыныстар. 2 оқу -әдістемелік құралдары бар.

Мирзакулова Улмекен Рахимовна м.ғ.д, доцент. Ғылыми бағыты –БЖА –дағы одонтогенді емес қабыну процестерін диагностикалау және емдеу. Докторлық диссертация тақырыбы : Созылмалы паренхиматозды сиалоденитті диагностикалау және емдеу. 88 жазба жұмысы, 2 тапқырлық куәліктің авторы 4 патент алды. ҚР, 7 рациональді ұсыныстар.

Сабданалиев Асылбек Мусралиевич м.ғ.к, доцент. Ғылыми бағыты –одонтогенді синусит. Диссертация тақырыбы: Одонтогенді жоғарғы жақ қойнауының синуситін емдеуде эндоскопиялық техниканы қолдану. 15 жазба жұмысы бар, 4 тапқырлық куәліктің авторы.

Курышжанова Қарлығаш Рахимкуловна ; модуль ассистенті. Ғылыми бағыты –жүктіліктің ауыр ағымындағы әйелдердегі пародонт аурулары.19 жазба бар. Утеулиева Кулжан Калиевна : модуль ассистенті. Ғылыми бағыты-БЖА-дағы одонтогенді қабыну үрдісі.3 жазба жұмысы бар.