Университетіміз күннен күнге жан-жақты дамып келе жатқаны бәрімізге мәлім.Атап айтсақ студенттерімізден құралған әр-түрлі студенттік ұйымдар осы игі іс үшін қаншама үлес қосып жатыр.Әрине,бұл жолда ұйымдардың татулығы мен бірлігі бірінші орында.Сабақ уақытынан тыс,өзгеде-университеті үшін,факультеті үшін өздерінің ақыл-ойы мен білімін,өнерін т.б ортаға салып жүрген студенттеріміз шынайы құрметке ие дегім келеді.Осыған дәлел ретінде 2014 жылдың 19-21 ақпан күндері аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде «Университет күніне» орай «Болашақ дәрігер-ұлт денсаулығының кепілі» атты пікір-сайыс турнирі болып өткені жайлы атап өтсем.Турнир мақсаты-студенттік ұйымдардың интеллектуалды және шығармашылық қабілетін дамыту болды. Респубиканың түкпір-түкпірінен келген 32 команданың ішінде университетіміздің «KazNMU-ARLANS» дебат клубының мүшелері жүлделі 1 орынды иеленіп,кубокпен оралды. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!Міне,осындай игі-істер аясында талмай еңбек етіп жүрген студенттерімізбен мақтанбасқа,сірә болмас.Атап өтсек, өзіміздің стоматология факультетінің 3 курс студенттері Асанов Бақытжан мен Бөріхан Ерболат факультет үшін өз үлестерін қосты.