Балалар стоматологиясы кафедрасы № 5 жатақханада студенттермен кездесу өткізді

Балалар стоматологиясы кафедрасы № 5 жатақханада студенттермен кездесу өткізді

Ағымдағы жылдың 9 сәуір күні балалар стоматологиясы кафедрасының оқытушылары профессор Ермұханова Г.Т, профессор Мамеков А.Д, профессор Кабылбеков А.А, м.ғ.к,доцент Каркимбаева Г.А, ассистент Асанова Д.Б №5 стоматология факультетінің студенттік жатақханасында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай дөңгелек үстел өткізді.Жиынды кафедра меңгерушісі Гүлжан Тлеумұхановна жүргізді.Тақырып аясында дайындалған баяндамалар оқылып,оқытушылар сөз сөйледі.Сонымен қатар,4 курс студенті Көбеков Сағындық пен 1 курс студенті Төребеков Нұрланның орындауында күй тыңдалды.3 курс студенті Балқан Ақылбек «Егеменді Қазақстан» әнін орындап шықты. Жиналған студенттерге соғыс жылдарындағы қиыншылықтар мен оқиғалар айтылды. Жиналған көпшілік ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп тарқасты.

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы

Ермек Динара