«Біздің таңдауымыз –заңды мемлекет»

Стоматология және жалпы медицина факультетінің 1 курс студенттері мен «Биофизика курсымен информатика» кафедрасының оқытушылары Аға оқытушылар Джаханова Б.Н., Садуақасова Г.М., оқыт. Жыланбаева Б.К. ұйымдастыруымен 4 желтоқсан күні №409 аудиторияда сағат 14.00-де

«Біздің таңдауымыз –заңды мемлекет» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Кеш мақсаты: С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің жастары, бүгінде үздіксіз кәсіби білім беру жүйесіндегі көшбасшы университетте білім алуда. Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті тұлғаны қалыптастыру. Кешті 1 курс стоматология факультетінің 005, 004-1, және жалпы медицина 019-2 топ студенттері ұйымдастырып, тақырыпқа сәйкес презентациялар мен ойын сұрақтары, көріністер мен студенттердің заңға қайшы әрекеттерге мысал ретінде түсірген бейне фильмдері тамашаланды. Кеш соңында белсене қатысқан топ студенттеріне алғыс білдірілді.