Тәрбиелік жұмыс

Кафедра оқытушылары «Стоматология» мектебінің 1 курс студенттеріне кураторлық жұмыс жүргізеді. Кафедраның ПОҚ-ы және кураторлық топтардың студенттері университет және «Стоматология» мектебінің ұйымдастырған іс-шараларына белсене қатысты. Мұражайлар мен театрларға бару, патриоттық рухты, адамгершілік принциптерін тәрбиелеуге бағытталған түрлі іс-шаралар жүргізілуде, студенттердің творчестволық қабілеттерін ашуға, салауатты өмір салтына сақтауға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Аға куратор Алмабаева Н.М. «Нұр-Сұлтан» қаласында өткен «Ең үздік тәлімгер» атты Халықаралық конкурсқа қатысып «ЖОО Ең үздік педагог-тәлімгері» номинациясын жеңіп алды, III –дәрежелі дипломмен марапатталды. 2018-2019 оқу жылы бойынша аға куратор Алмабаева Н.М. «Стоматология» мектебінің ең үздік кураторы болды.