Д. А. Конаев атындағы музейіне саяхат

19 каңтар күні стоматология факульетінің студенттері Д.А. Қонаевтің 105 жылдығына орай Қонаев атындағы музейге барып қайтты. Осы музейдің ерекшелігі-Дінмұхамед ағамыздың тұрған жерін, пайдаланған заттарын көріп, үйдің атмосферасын сезінуге мүмкіндік алады. Экскурсия жүргізушісі студенттерге көптеген қызықты мәліметтерді айтып беріп, Қонаевтің қару, қанжар, кітап жинағын көрсетті. Д. Қонаев көптеген елдерге саяхатқа барған кездерде, шетел басшылардың сыйлықтарына ие болған. Экскурсия барысында студенттер тың мәліметтер жинап, жақсы көңіл күймен оралды. Бірнеше рет естігеннен көрі, бір рет барып көрудің әсері мол екен ғой.