Елбасы. Тәуелсіздік

Бесінші жыл Елбасы күні аталып өтілуде. Стоматология факультетінің №5 жатақханасында «Елбасы. Тәуелсіздік» тақырыбында дөңгелек стол ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар Биофизика курсының профессоры Адибаев Б.М., аға оқытушылар Алмабаева Н.М., Умирбекова З.К. және СТ17-001,003 топ студенттері. Кешке факультеттің декан орынбасары Жексембиева А.Д. және ЖМ17-016 топ студенттері қатысып отырды. Кешті профессор Адибаев Б.М. ашты. Елбасының атқарған жұмыстары, қазақ елінің жеткен жетістіктері мен болашағы туралы сөз қозғалды. Студенттер өз ойларын ортаға салды. Шара барысында туған жер, әке туралы өлеңдер оқылды, әндер айтылды.