«Жемқорлыққа жол-жоқ!» атты іс-шара

28.10.2016 жылы латын тілі курсында СТОМ 1-курс № 1 (1, 2), 2 (1, 2), 6 (1, 2), 7 (1, 2), 8 (1) топтарының студенттерімен «Жемқорлыққа жол-жоқ!» атты іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараны өткізуге жауапты аға оқытушы Шойбекова А.Ж және оқытушы Тилемисова Ж.Д.

Іс-шараның мақсаты – қай салада болмасын сапасыз мамандардың жұмыс жасауына саланың экономикалық, әлеуметтік, саяси жағынан төмендеуіне әкелетін қазіргі таңда барлық елде өзекті мәселе болып табылатын коррупция тақырыбында болды.

Іс-шарада жемқорлық мәселелері туралы бейнетаспалар, презентациялар, кроссвордтар, плакаттар және сахналық көріністер орындалды. Студенттер өз өнерлерін өте жоғары деңгейде көрсете білді. Іс-шара екі тілде жүргізілді. Мұның өзі жастардың болашақта жемқорлықсыз өмір сүруге талпынып, тәрбиеленіп, өсіп келе жатқанын көрсетеді.