«Мен жемқорлыққа қарсымын» атты қабырға газеттерінің сайысы

«Биофизика курсымен информатика» кафедрасының доц. Байдуллаева Г.Е., лектор Алмабаева Н.М. және лектор Рақымбаева Г.С. «Мен жемқорлыққа қарсымын» атты қабырға газеттерінің сайысы 29.11.2019ж. ұйымдастырып өткізді. Барлық мектептердің студенттері қатысты (34 жұмыс). Студенттер үш тілде елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналып жүргізіліп жатқан жұмыстары мен сыбайлас жемқорлыққа байланысты өзекті мәселелерді өз жұмыстарында көрсетті.

Сайыстың қорытындысы:

  • I дәрежелі грамотамен ЖМ19-001/1топ студенттері;
  • II дәрежелі грамотамен – ФӨТ19-006/2 топ студенттері;
  • III дәрежелі грамотамен – ФӨТ19-016/1 топ студенттері;
  • III дәрежелі грамотамен – СТ19-001 топ студенттері марапатталды.

Қатысқан барлық топтарға сертификат берілді.