“Мен өмірді сүйемін…” байқауы өткізілді

27.03.2017 жылы сағат 13:00 де М.Маметова атындағы №1 аудиториясында салауатты өмір салтын сақтау мақсатында «Мен өмірді сүйемін» атты сайыс өткізілді. Сайысты Биофизика курсының доценті Байдуллаева Г.Е., аға оқытушылар Алмабаева Н.М., Умирбекова З.К. және Стоматология факультетінің 2 курс студенттері (СТ15-001, CT15-003 топтардың) ұйымдастырды. Іс – шарада «Салауатты өмір салты», «Қоршаған орта және денсаулық» тақырыптарында презентациялар көрсетіліп, ойындар ұйымдастырылып, «Көктем вальсі» әні шырқалды.

Сайысқа студенттердің төл туындылары (өлеңдер, эссе, суреттер, фотоколлаждар) қабылданды. Сайыс жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бұл сайысқа барлық факультет студенттері қатысты. 26 жұмыс қатысып, соның ішінде 5 жұмыс жүлделі орындарды иеленді. Қалған жұмыстарда сырт қалмай номинациялар бойынша Алғыс хат иеленді. Қатысушы студенттерге сыйлықтар таратылды.