Мерекелік концерт өтті

Университет күніне орай №7 жатақханада студенттердің ұйымдастыруымен мерекелік концерт болып өтті. Стоматология институтынан аталған іс-шараға жауапты ретінде Текемұрат Құралай мен Балқан Ақылбек тағайындалды. Өткізілген іс-шараға институтымыздың өнерпаз студенттері қатысты.Концерт барысында әнде айтылып,биде биленді. Сонымен қатар қазағымыздың қасиетті қара домбырасының үнін де тыңдай алдық. Төл мерекемізге арнап ақын,жазушы қыз жігіттеріміз өз шумақтарын арнап жатты.

Жалпы айтқанда,мерекелік іс-шара өте жоғары деңгейде өтті.

Студенттер көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы

Ермек Динара