Наурыз мерекесі құтты болсын!

16.04.16 күні С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінде ұлттық мейрамымыз, қазақтардың жаңа жылы Әз – Наурыз мерекесі тойланған болатын. Ректоратқа қарама-қарсы ауданда концерттік бағдарлама өтті. Наурыз мейрамына барлық дін, ұлт өкілдері, барша факультеттер атсалысты. Бұл мерекеде ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдарымен, мәдениеті көрсетілді. Факультет студенттері тарапынан дастархан жайылып, факультет аралық жарыстар, спорттық ойындар өткізілді. Мерекелік дастархан жаюдан стоматология факультеті 2-ші орынды қанжығаларына байлады. Ал спорттық ойындардан факультетіміздің белсенді студенттері 3-ші орынды қанағат тұтты.

Наурыз мерекесіне барынша атсалысқаны үшін стоматология факультетінің студенттік үкіметіне, үкімет төрайымы Ермек Динараға, студенттік деканатқа, басшысы Ануарбекова Сымбатқа, жатақхана ұжымына және Жүрсінбекова Ақботаға үлкен алғыс айтамыз.

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы Әлжекесова Бибігүл.