«Салауатты өмір салты негіздері»

9 қазан айында №5 жатаханада терапиялық стоматология пропедевтикасы модулінің оқытушылары Мангытаева Б.Б. және Уразбаева Б.М. «Салауатты өмір салты негіздері» тақырыбына тәрбелік семинар өткізді. Мультимедиялық презентация ,видеороликтер көрсетілді Семинарға 1, 2, 3, 4 курс студенттері қатысты.

Семинарда Еңбек және демалудың оптимальды тәртібі; Қозғалыс белсенділігі және дене шынықтыру; Рациональды тамақтану; Зиянды әдеттерден бас тарту; Медициналық белсенділік; Психогигиена тәртібін сақтау; Жеке бас және әлеуметтік гигиена; Отбасы және неке гигиенасы; Жыныстық тәрбие және сексуальды білім бөлімдері қамтылған. Студенттер «дені саудың жаны сау» атты дисскусия жүргізді. 4курс студенті Қоспанбетов Қоблан әр ҚР азаматының жаман жолға түспеуі өз қолында екендігін айты. Семинарда студенттер өздеріне қажетті мағлұматтар алып,өмірге деген оң көзқарастарын қалыптастырды және осы тақырыпқа орай өз пікірлерімен бөлісті. Болашақта салауатты өмір салтын сақтауға ынталарын көрсетті.