Стоматология факультетінің студенттік үкіметінің 1 курс студенттерін күтіп алу рәсімі

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек-Білім күнінде университет қабырғасы жаңа студенттерге толды.Осы күнге орай стоматология факультетінің студенттік үкіметі мен студенттік деканатының ұйымдастыруымен 1 курс студенттеріне арналған салтанатты жиын өткізілді.Жиында университет ректоры Ақанов А.А сөз сөйледі.Сонымен қатар факультет деканы Амантаев Б.А,оқу ісі жөніндегі декан орынбасары Құсмолдаева Ж.Н,тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Советбекқызы Назым студенттерді толық ақпараттандырды.Шағын концерттік бағдарламадан кейін факультет белсенділері әр топқа гид болып,студенттерді университетпен таныстыру жұмыстарын жүргізді.
2014-2015 оқу жылында жалпы стоматология факультетіне 147 студент түсті.Ректорымыздың сенімін ақтап,университет қабырғасында алған білімдерін іс жүзінде дәлелдейтін азамат болып шығатынына сенім білдіреміз.
Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы

Ермек Динара