Студенттік үкімет және Студенттік декан сайлауы

29.09.2017ж күні №1 М.Мәметова атындағы аудиторияда Стоматология факультетің Студенттік үкіметінің төреағасы мен Студенттік деканына сайлау жүргізілді.Сайлауға Стоматология факультетінің декан орынбасарлары мен белсенді студенттері дауыс берушілер қатарынан болды.Факультеттің экс-Студенттік үкіметінің төреағасы-Құрмантаев Еламан Нұрболатұлы мен экс-Студенттік декан-Демесинова Салтанат Ерболатқызы өз орындарына сайланатын үміткерлерге сәттілік тілеп,алдағы уақытта жақсы көрсеткіштер көрсетесіздер деген сенім білдірді.Факультеттің Студенттік үкіметіне үміткерлер:Егенберлі Әкім және Адайұлы Уалихан.Факультетің Студенттік деканына үміткерлер:Жақсылық Руслан,Айдарова Аида және Айтқазина Айгерім.Үміткерлер өздері дайындаған презентация арқылы өздерін таныстырып алға қойған мақсаттарын айтып өтті.Сайлаудың комиссия мүшелері :деканның тәрбие ісі бойынша орынбасары-Жексембиева Анида Даниярқызы,экс-Студенттік үкіметтің төреағасы-Құрмантаев Еламан Нұрболатұлы,экс-Студенттік декан-Демесинова Салтанат Ерболатқызы,1-курс студенті-Тұңғышбеков Сабит.Аудиторияға жиналған студенттер өз таңдауын жасап,үміткерлерге дауыс берді.Сайлау қорытындысы бойынша факультеттің Студенттік Үкіметінің төреағасына:Адайұлы Уалихан-16,Егенберлі Әкім-36 дауыс жинады.Факультетің Студенттік деканына:Айдарова Аида-10,Айтқазина Айгерім-17,Жақсылық Руслан-25 дауыс жинады.Жалпы қорытынды бойынша Студенттік үкімет төреағасы-Егенберлі Әкім,Студенттік декан-Жақсылық Руслан сайланды.Адайұлы Уалихан Студенттік Үкіметтің төреағасының орынбасыры,Айдарова Аида және Айтқазина Айгерім Студенттік деканның орынбасарлары болып тағайындалды.