Студенттік ұйымдардың жәрмеңкесі.

Күздің алғашқы аптасында, университетімізде Студенттік Ұйымдардың жәрмеңкесі өтті.Бұл жәрмеңкеге барлық ұйым белсене қатысты.Соның ішінде,біздің факультетің атынан Студенттік Үкімет өз жетістіктерін көрсетті.Атап айтсақ жақында сайланған Студенттік Үкіметтің Төрағасы Егенберлі Акім мен Студенттік Үкімет Деканы Жақсылық Руслан факультетімізді жоғары деңгейде көрсете білді.Бұл жәрмеңкенің мақсаты,әрбір ұйымның өз ерекшелігін көрсету.Бізге қолдау көрсеткен «Colgаte» компаниясы.Факультетіміздің белсенді студенттері келушілерге сұрақ қоюу арқылы студенттердің білім сапасын тексеріп,дұрыс жауап берген студенттерге «Colgаte» компаниясы ұсынған тіс пасталарын сыйлық ретінде ұсындық.Логикалық сұрақтарға жауап берген студенттерге, жоғары курс студенттері ауыз қуысын қарап,өз кеңестерін айтты.1 курстың белсенді студенттері флешмоб және әр түрлі аспаптарда өз өнерлерін көрсетті.Жәрмеңкеге факультетіміздің жетістіктері,соның ішінде әр түрлі білім,өнер,спорт жарыстарынан алған сыйлық грамоталары қойылды.Студенттер көңілді әсер алып,жәрмеңке өз мәресіне жетті.