Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік іс – шара

2016 жылы 30 қараша күні терапиялық стоматология кафедрасында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне орай мерекелік іс – шара өткізілді. Стоматология факультетінің 5 курс студенттері Майдам Шолпан, Усенбаева Лабиля, Жанахметова Сымбат және 4 курс студенті Қошмахамедова Махида кафедра деңгейінде орыс және мемелекеттік тілінде баяндамалар оқыды. Бұл мерекелік іс-шараға стоматология факультетінің тәрбие жұмыстары бойынша декан орынбасары Жексембиева А.Д., терапиялық стоматология кафедрасының доценттері Сагатбаева А.Д., Смагулова Е.Н., ассистент Нұрлыбаев А.А. және стоматология факультетінің 3, 4, 5 – курс студенттері қатысты.

Арнайы дайындалған презентацияда ҚР тұңғыш президентінің балалық шағы, өмір баяны және мемлекетіміздің өркендеп – дамуына қосқан үлесі атап-көрсетілді.

Кеш соңында 3,4,5 курс студенттері оқытушылармен бірге өз пікірлерімен бөлісті.