Оқу-әдістемелік жұмыс

Кафедра 5 клиникалық базада орналасқан: КазҰМУ стоматологиялық клиникасының хирургиялық бөлімі, 5-ші қалалық клиникалық аурухана, Алматы облыстық көпсалалы клиникалық аурухана, онкология және радиология институты (бас және мойын ісіктері бөлімі), МО ҚР әскери клиникалық аурухана. Бұл жерде республикамыздың әр түкпірінен келген стоматология факультетінің 3,4,5 курс студенттері сонымен қатар резиденттер білім алады.1 PhD докторант,5 магистрант оқиды. 2 магистрант магистрлық диссертация жақсы қорғап бітірді.

Ұжым С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мектеп стоматологиясының оқу үрдісіне жаңа технологияларды енгізіп отырады. Сабақ берудің инновационды және интерактивті әдістері енгізіліген, соның ішінде мәселелі дәріс, яғни алдын ала қателіктері бар дәріс, сонымен қатар, мәмілелі ойындар, «ми шабуылы», кіші топтарда жұмыс жасау және тағы да басқалары. Соңғы бес жылда оқу үрдісіне 24 енгізу кіргізілді. Көрнекі сабақ беру мақсатында кафедрада иллюстрациялық материалдың бай қоры жиналды: графологиялық құрылымдар, тақырыптық альбомдар, оқуға арналған видео мен кинофильмдер, муляждар, суреттер жинағы мен рентгенограммалар, кесіп алынған түзілістердің макропрепараттары. 2015-2016 оқу жылдары ЖОО ішілік проект орындалды «Оптимизация образовательного процесса на основе разработки и внедрения руководства по созданию электронных учебно-методических комплексов, в формате EXE, HTML. Жетекшісі Вансванов М.И.»