Факультет студенттері «Қызық екен…» бағдарламасына қатысты

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында көрсетілетін жаңа жоба «Қызық екен…» бағдарламасына 25.02.2017 күні стоматология факультетінің студенттері мен Биофизика курсымен информатика кафедрасының аға оқытушылары Алмабаева Н.М., Джаханова Б.Н., Умирбекова З.К. жанкүйер ретінде қатысты.

Танымал адамдармен өткен бұл бағдарлама бәрімізге үлкен әсер қалдырды. Танымдық бағдарлама болғандықтан қоршаған әлемдегі (әсіресе елімізде) барлық болып жатқан көптеген барлық адамдар біле бермейтін сұрақтар төңірегінде өткен жарыс жоғары деңгейде өтті. Сонымен қатар жанкүйер болған студенттер ақшалай сыйлыққа ие болды.