Тәрбие жұмысы

Ортопедиялық стоматология кафедрасы 4-ші курстың тәлімгері. Курста 16 топ бар және барлық тәлімгерлер топтарға бөлінген.Сонымен қатар іс-шаралар өткізілген болатын :

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Тіл мерекесін атап өтуі.

2017 жылдың 22 қыркүйек күні ортопедиялық стоматология кафедрасының оқытушы профессоры Кульманбетов Исатай Азимович, асс. Сафаров Т.С, доц. Кулманбетов. Р.И, кафедра меңгерушісі профессор Алтынбеков К.Д, қазақ тілі кафедрасының доценті Зайсанбаев Толеубек қауымы студенттермен бірге тілге байланысты мерекелік іс-шара өткізді. Баяндаушылар Елбасы ұсынған Рухани жаңғыру аясындағы үштілдіктің қазақстандықтарға өте маңызды екенін атап өтті.

Стоматология факультетінің ортопедиялық стоматология кафедрасы «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты іс-шараны 04.10.2017ж №5 жатақханада өткізді. Алғы сөзі С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректорының кеңесшісі профессор Мұстафина Ж.Ғ. алғы студенттермен кездесуге «Нұр отан» партиясы Алмалы ауданың филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің директоры Дауешов Нұрғиса Мұратұлы және «Жас Отан» Жастар қанаты Алматы қалалық акиматының басшысы Ахметов Мади қатысты Модераторлар ретінде ҚазҰМУ «Нұр Отан» бастауыш партиясының төрағасы профессор Құлмамбетов И.Ә. және Стоматология мектебі әлеуметтік –тәрбие жұмысы бойынша декан орынбасары Жексембаева А.Д. іс-шараны жүргізді

Ортопедиялық стоматология кафедрасында 7.10.17 кафедрасының студенттері мен оқытушыларымен Ардагерлер А.С. Кан, Н.А. Курочкина, Падафа Ю.Н., бойынша департаменті кездесті.

04.11.2017 жылы ортопедиялық стоматология кафедрасы ҚР көрнекті академигі Қаныш Сатпаевқа арналған «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты іс-шара өткізді.

30 қараша 2017 жылы ортопедиялық стоматология кафедрасында Тұңғыш Президент күніне арналған конференция өткізілді «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» атты презентацияны 5 курс студенті Токбердиева А. дайындады. Орыс тілінде «День первого президента» презентацияны 5 курс студенті Агисаева М, ағылшын тілінде 5 курс студерті Изжанова А. «Назарбаев- наш лидер!!!» атты видеоролик дайындаған.Іс-шараның қорытындысында кафедра профессоры Кульманбетов И.А. сөз сөйледі.