Баспа қызметі

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағы. Алматы, 3 желтоқсан 2015 ж. Қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі: тарих, саясаттану, философия, әлеуметтану өзекті мәселелері қарастырылған.

Монографияда өркениетті қоғам дамуы барысындағы мәдениеттің, сананың, адам қызметінің, экологиялық дүниетанымның маңызы қарастырылады.
Оқу құралы қазіргі заманның өзекті мәселелерінің біріне арналған. Аспираттарға, студенттерге, колледж бен мектеп оқушыларына және экологиялық мәселелерге қызығушылық танытушыларға арналған
Оқу құралы қазақ философиясының даму барысындағы маңызды кезең-қазақ ағартушыларының философиялық идеяларына арналған.
«Саясаттану» пәні бойынша студенттерге арналған әдістемелік нұсқау. Медициналық оқу орнының студенттеріне кеңес ретінде ақпараттық-дидактикалық блоктар мен тесттер ұсынылады.
Қазақстан тарихы: тест тапсырмалар жинағы. Оқу-әдістемелік құрал. Алматы, 2014 ж. Тест тапсырмалар жинағы Қазақстан тарихы пәні бойынша типтік және жұмыс бағдарламасына сай медицина университетінің бағыты ескеріліп ЖОО студенттеріне құрастырылды.

Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін тарихы (1920-1950 жж.) оқу құралы. Алматы, 2015 ж. Оқу құралында ХХ ғ. бірінші жартысындағы қуғын-сүргін тарихының негізгі кезеңдері сипатталады. Оқу құралы студенттерге, магистранттарға Қазақстан тарихы пәнінен дәріс беретін оқытушыларға, зерттеушілерге арналған.

Философиялық энциклопедиялық сөздікте маңызды ұғым-терминдер мен көрнекті философтар туралы мәліметтер алғаш рет жүйелі түрде қазақ тілінде берілген. Философиялық энциклопедиялық сөздік философия пәні бойынша мектеп оқушылары мен студенттерге, магистранттар мен докторанттарға, оқытушылар мен ғалымдарға, философия және жалпы рухани мәдениетпен айналысушы мамандар мен жалпы оқырман қауымға арналған және «Ғылыми қазына» мемлекеттік бағдарламасы ауқымында орындалып отыр.

Авторлар ұжымы ұсынып отырған монографияда ғұлама ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің шығармашылық мұрасының негізгі қырларын ашуға талпыныс жасалынған. Әл-Фараби энциклопедист-ойшыл ретінде философия, этика, логика, музыка теориясы, дін туралы ілім, математика, мемлекет теориясы және басқа да салаларында өзінің төлтума ойларымен өшпес із қалдыра алды. Монографияда әл-Фарабидің философия, логика, этика, руханилық және қоғамдық құрылымның өзекті мәселелеріне қатысты ойлары жүйелі түрде қарастырылған. Кітап студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, жоғары оқу орындарының оқытушыларына және философия, мәдениеттану, дінтану, саясаттану салаларының мәселелері қызықтыратын көпшілік оқырман қауымға арналған.

Әлемдік тарих және өркениет негіздері // Құрманбаева Ш.А., Тулентаева К.А. – Анықтамалық оқу құралы. – Семей, 2015. – 222 б.
Анықтамалық оқу құралында негізінен тұтас жалпыадамзаттық тарихи оқиғалар мен мәдени құбылыстар бір ізділікпен – Ежелгі Шығыс (Египет, Месопотамия), Антикалық (Ежелгі Грекия, Рим), Византия, Батыс Еуропа – шежірелік даму үрдісімен берілді.
Қазақстан тарихы. Оқу құралы. – Алматы: «Зият Пресс», 2006. – 168 б.
Оқу құралының кеңестік уақытты қамтитын тақырыптары ел тарихын Кеңестер Одағының ішкі және сыртқы саясатымен сабақтастыра отырып, көлеңкелі тұстары мен «ақтаңдақ» беттерін саралай негіздеген.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының бүгінгі тарихи даму жолы толымды баяндалған.

Философия: оқу-әдістемелік құралы-Алматы: С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, 2005, 105 бет. Тәжірибелік сабақтарға дайындалу үшін әдістемелік нұсқаудың барлық элементтері көрініс тапқан. Оқу-әдістемелік құралы философия пәні медицина университеттерінің студенттеріне арналған.

Казақстан тарихы (1917-2008): Оқу құралы. – Алматы, 2008. – 73 б.
Оқу кұралы аталған курсты ЖОО оқып-үйренудің қазіргі талаптарына сай кеңестік дәуір мен бүгінгі кезеңге арналған.

Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тамақ өнеркәсібінің жұмысшылары (1941-1945 жж.) – Алматы, 2008. – 91 б.
Кітапта жаңа мұрағаттық құжаттарды және бұрын жарық көрген еңбектерді пайдалана отырып, республиканың халық шаруашылығының ірі салалары бірінің іс-қызметі мен дамуы қарастырылған.

Саясаттану: оқу-әдістемелік құралы-Алматы: С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, 2019, 89 бет. Саясаттану пәнінен оқу-әдістемелік құралында студенттердің тәжірибелік сабақтарға сапалы дайындалуы әдістемелік нұскаудың барлық элеметтері көріністапқан: тақырыптың негіздемесі, сабақтың мақсаты және міндеті, дағдылары мен білімі, тақырыпты бекітуге арналған тест түріндегі тапсырмалар мен кестелер, бақылаусұрақтары, әдебиеттер тізімі. Оқу-әдістемелік құралы саясаттану пәнібойынша медицина университеттерінің студенттеріне арналған.