Клиникалық жұмыс

Негізі қаланған күннен бастап қафедра құрамында балалар стоматологиясы саласының танымал мамандары жұмыс атқарады.Танымал жоғары квалификациялы бет-жақ хирургі, профессор Есім А.Ж. 2003 жылы Неаполь қаласында (Италия) жайылмалы тератомалы балаға жасалған операцияға қатысқан болатын. Профессор Супиев Т.К. жиі туабіткен бет ақаулары бар балаларға хирургиялық көмек көрсету үшін облыстық орталықтарға жұмыс бабымен барып тұрды.Профессор Мамеков А.Д. елімізде ортодонтия саласы бойынша жалғыз профессор болып табылады;ол қазіргі күндері де тіс-жақ жүйесі күрделі ақаулары бар науқастарға консультация береді. Профессор Ермуханова Г.Т. еліміздің облыстық орталықтарына жиі дәрігер стоматологтарға дәріс, семинар сабақтарын өткізу ішін барып тұрды.Сонымен қатар стоматологиялық аурулары анықталған балалар мен жасөспірімдерге консультациялық шаралар өткізді. .
Базалық емдік орталықтармен тығыз қарым-қатынас орнатылды;оның ішінде алдыңғы қатарлы қалалық балалар стоматологиялық поликлиникасы (бас дәрігері – Рузуддинов Т.Б.), № 5 қалалық клиникалық ауруханасы (бас дәрігері– м.ғ.д. Садыков Б.Н.) және Алматы қаласының бірқатар стоматологиялық клиникалары мен кабинеттері. Кафедра қызметкерлері конференцияларға белсенді қатысып, өз мәлімдемелерін жасап отырады.

БСЕ базалық клиникасымен болған дәрігерлік кеңес, Алматы қ.

Қазіргі уақытта да балаларға стоматологиялық көмекті келесі жоғары білімді мамандар көрсетеді: жалпы практикалық дәрігер-стоматолог, балалар дәрігер стоматологы, ортодонт-дәрігер-стоматолог және орта білімді тіс гигиенисттері.
Стоматологиялық аурулардың алдын алу стоматологиялық ғылым мен тәжірибенің негізі болып табылады. Қазақстан Республикасында алғашқы рет стоматологиялық аурулардың алдын алу 1985 жылдан бастап енгізілуде, ал алғашқы “балалардағы стоматологиялық аурулардың алдын алу бағдарламасы” 1989 жылы Г. М. Негаметзянов біздің кафедра қызметкерлерінің қатысуымен жасады, ол 2000 жылға дейін есептелген, содан кейін 2005 жылға дейін ұзартылды. Бұл бағдарламаны алдағы 3-5 жылда енгізу оң нәтиже берді. Стоматологияны дамыту стратегиясын іске асырудың бір жолы алдын алудың мемлекеттік жүйесін құру және оны ресурстық қамтамасыз ету болып табылады, ал стоматологиялық аурулардың алдын алудың республикалық бағдарламасының жетіспеушілігі экономикалық негіздеменің болмауы болды. Көптеген теориялық сұрақтар мен стоматологиялық аурулардың алдын алудың аймақтық ерекшеліктері А. А. Кабулбеков, Ә. Ж. Есім, К. З. Шалабаева және т. б. әзірленген.
Балалар жасындағы стоматология кафедрасы құрылған күннен бастап 2014 жылдың аяғына дейін, ұзақ жылдар бойы м.ғ.к Г.М.Негаметязанов басқарған Алматы қалалық Балалар стоматологиялық емханасы базасында жұмыс атқарды. Кафедра білім алушылармен клиникалық жұмысты жемісті атқарды, қызметкерлер ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, диссертациялық жұмыстардың материалдарын жинай отырып, жүргізді. Емхана басшылығы кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен тығыз ынтымақтастықты бас дәрігердің орынбасары С. Д. Сиырбай арқылы жүзеге асырды.

Қызметкерлер консилиум барысында клиника мәселелерін шешуде

Кафедра қызметкерлері жыл сайын балаларға көмек көрсетуге мемлекеттік тапсырысты орындауға белсенді қатысады

Кафедра қызметкерлері балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсетуге әрдайым дайын

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамында тәжірибелі дәрігер-стоматологтары, 2019ж.

Кафедра құрамындағы атақты стоматолог-ортодонт-дәрігерлер

Стоматолог-терапевт-дәрігерлер тобы балалардың денсаулығын қорғауда