Ғылыми-зерттеу жұмыс

Кафедра негізі қаланғаннан бері белсенді түрде ғылыми жұмыстар жүргізілуде.1980 жылдан 1985 жыл аралығында «Сапалы әртекті тамақтанудың негізгі стоматологиялық аурларға әсері» тақырыбындағы ғылыми жұмыс жүргізілді. 1986-90 ж.ж «Қоршаған орта факторларының ағзаға комбинирленген әсері» тақырыбында ғылыми зерртеулер жүргізілді. 1991 жылдан бастап «Қазақстанның биохимиялық аймақтарындағы клинико-эпидемиологиялық классификация» атты жұмыстар фрагменті жүргізілді.1997 жылдан 1999 жылға дейін кафедра «ҚР стоматологиялық қызмет дамуы: эпидемиологияны зерттеу, стоматологиялық аурулардың алдын алу және емдеу…» мемлекеттік ҒЗЖ, 2000 жылдан бастап ҚазҰМУ «Эпидемиология, патогенез, қоршаған орта факторларын есепке ала отырып балалар мен жасөспірімдердегі стоматологиялық ауруларды емдеудің ерекшеліктері» ҒЗЖ атқарды.
Ғылыми зерттеу нәтижелеріне сай кафедрада 9 докторлық (Супиев Т.К., Джумадиллаев Д.Н., Есим А.Ж., Кабулбеков А.А., Шалабаева К.З., Алдашева М.А., Нурмаганов С.Б., Ермуханова Г.Т., Таганиязова А.А.), 40-тан аса кандидаттық диссертациялар, 5 магистрлік диссертация қорғалды.
Кафедрада докторантура ашылғанға дейін докторлық диссертациялар Ресейде алдыңғы қатарлы ғалымдар басқаруымен (Бажанов Н.Н., Соловьев М.М., Виноградова Т.Ф., Леус П.А., Максимовский Ю.М. т.б.) қорғалған болатын. Кейінгі жылдары кафедрада диссертациялық жұмыстар Супиев Т.К., Кабулбеков А.А., Есім Ә.Ж., Ермуханова Г.Т. сынды профессорлар басқаруымен орындалуда.
Осы жылдар бойы кафедра қызметкерлерімен 600 ден аса ғылыми мақалалар, 15 монография, 20 оқу құралдары, 18 әдістемелік ұсынымдар шығарылған болатын. 60-тан аса рационалды ұсыныстар құрылып, 7 авторлық куәліктер және 25 патент, 14 ғылыми жұмыстар жиынтығы жасалынды.
Әр жылдары кафедрада профессорлар қатарында Мергембаева Х.С., Алдашев М.А., доценттер Чапала В.М., Негаметзянов Р.А., Камалов Ш.Б., Нургалиева Ш.М., Мукаш Т.К., медицина ғылымдарының кандидаттары ассистенттер: Сламов Е.С., Страздина Т.В., Галяпин А.С., Байшулаков А.А., Толеубекова Т.А., Ахметжан А.М., Изенбаев Н.Б., Битикенова Г.Б., Калдыбаева М.К., Атабаев С.А., Рысбаева Ж.И., Стабаева Г.С., Кипшакбаев Р.К., Сабитова К.Е., Жапаров С.А.; ассистенттер – Хайруллина С.К., Карабалаева Р.Ж., Сейтказиева Л.М., Билисбаева М.О., Таганов В.Л., Тулеуова К.К., Альпаттина Д.А., Шарипова С.К., және т.б жұмыс атқарды.
Кафедра докторанттары болып медицина ғылымдарының кандидаттары Таганиязова А.А., Негаметзянов Н.Г., Раганин М.У., Жапаров С.А. танылды; кафедра аспиранттары Махмуд Медхат Сулейман, Баара Ахмед Деб Мухаммед, Ахмед Хазем Ибрагим, Каркимбаева Г., Джумабаева К.Ж. Клиникалық ординаторлар: Борзилов К.В., Фоменков К.В., Рузиев Р.А және т.б болды.
Қазіргі уақытта кафедрада кафдера меңгерушісі м.ғ.д., профессор Г.Т.Ермуханова, медицина ғылымдарының докторлары, профессор Т.К.Супиев, Мамеков А.Д.; медицина ғылымдарының кандидаттары, доцент Рысбаева Ж.И., Каркимбаева Г.А., Кайкенова С.Е.; PhD доктор Жармагамбетова А.Г.; медицина ғылымдарының кандидаттары, ассистенттер Атежанов Д.О., Онайбекова Н.М.,қоғамдық денсаулық сақтау магистрі Оспан О.Б., медицина магистрлері Заркумова А.Е., Сметов Г.Г.; БЖХ резиндентура бітіруші, соның ішінде балалар Гайсина Д.К., ассистенттер Камиева З.Р., Коробкина Т.В., Ибрагимова К.Х., Король Л.У., Дурумбетова М., Асанова Д.Б., Караськова Д.С.; лаборанттар Самиева А.А., Ахат Ж.Б.

Балалар стоматология кафедрасының профессорлық-оқытушы құрамы, 2019 жыл

Балалар стоматология кафедрасының ғалымдары, 2019 жыл