Оқу-әдістемелік жұмыс

Алғашқы күндерден бастап-ақ кафедра оқу-әдістемелік материалдарды құру бойынша өз жұмысын бастап кетті, ғылыми-педагогикалық кадр даярлауда үлкен орталық ретінде саналды.Жаңадан студенттер мен оқытушылар үшін дәрістік курстар,әдістемелік құралдар,мамндық бойынша оқу бағдарламасы құрылды.
1989 жылдан бастап субординатруа мен интернатурада балалар стоматологын даярлау жұзеге асырылды. 1989 жылы кафедрада клиникалық ординатура, 1987 жылдан аспирантурада, 1993 жылдан бастап доктрантурада бірқатар мамандар мен ғылыми жұмыскерлер білім алды.
Сонымен қатар кафедра ұйымдастыру жұмыстарында біраз өзгерістерді бастан кешірді.28.09.1990 жылы АГМИ ректорының № 287 бұйрығына сәйкес кафедрадан стоматологиялық аурулардың алдын алу ортодонтия курсымен кафедрасы жеке кафедра ретінде бөлініп шықты (меңг.профессор Д.Н. Джумадиллаев). Аталған кафедра 1998 жылы қайта құрылып, стоматологиялық аурулардың алдын алу курсы балалар жасындағы стоматология кафедрасына қайта қосылды. Ортодонтия курсы ортопедиялық стоматология кафедрасы құрамына кіреді. 2009-2010 оқу жылында ҚазҰМУ ректорының 2009 жыл 7 қыркүйегінен №1473 бұйрығымен кафедраға ортодонтия курсы қосылады. Сол уақыттан бері қазірге дейін балалар жасындағы стоматология кафедрасы 4 пәннен тұрады: балалар терапиялық стоматологиясы,балалар хирургиясы және бет-жақ хирургиясы, стоматологиялық аурулардың алдын алу, ортодонтия және балалардағы протездеу.
Академиялық ұтқырлық аясында профессор А. Д. Мамеков апта бойы 2017ж. Саратов мемлекеттік медицина университетінде , профессор Супиев Т. К.-2018ж. Ташкент мемлекеттік стоматология институтында жұмыс істеді.Балалар жасындағы стоматология кафедрасы типтік оқу бағдарламаларын, стоматология бойынша білім беру бағдарламаларын құрастыруға белсенді қатысады. Профессор Г. Т. Ермұханова ҚР ДСМ жұмыс тобының құрамында балалар стоматологиясы бойынша клиникалық хаттамаларды құрастыруға қатысты (2014-2015ж.ж), 2016 жылы. – стоматологиялық қызметтер көрсету стандарттарын, 2018ж. – кәсіби стандарттарды құрастыруға қатысты.

Кафедраның профессорлық-оқытушы құрамы, 2009 жыл

Кафедраның әдістемелік кеңесі, 2009ж.

Профессор Супиев Т. К. студенттермен сабақ жүргізуде

Ассистент Ибрагимова К. Х. тәжірибелік сабақта

Дәрігер-стоматолог-хирургтар тобы оқу бағдарламасын талқылауда

Кафедрада 5В130200-“Стоматология” мамандығы бойынша 2, 3, 4 және 5 курс студенттері мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде білім алады. Оқыту- фронтальды, циклдық, кредиттік. Студенттер кафедрада келесі негізгі пәндерді оқиды:
1.Стоматологиялық аурулардың алдын алу-3 курс
2.Балалар жасындағы стоматология пропедевтикасы-4 курс
3.Балалар жасындағы стоматология-5 курс
4.Балалар хирургиялық стоматологиясы және жақ-бет хирургиясы-5 курс
5.Ортодонтия және балалардағы протездеу-5 курс
6.”Гигиенист стоматолог” оқу практикасы-3 курс
7. Өндірістік практика” Дәрігер-стоматолог ассистенті ” – 5 курс
Оқыту пәндері балалар стоматологиясы мен ортодонтиясының өзекті мәселелерін көрсетеді, сонымен қатар ұсынылатын элективті пәндер тізімі қазіргі еңбек нарығының талаптарына байланысты өзгереді. Жұмыс берушілердің ұсыныстары мен тілектері ескеріле отырып, жаңа элективті курстар әзірленуде. Биылғы оқу жылында студенттер келесі элективті пәндер бойынша білім алуда:
1.Ортодонтиялық құрылымдарды дайындау технологиясы-2 курс
2.Тіс-жақ аномалияларының алдын алу – 3 курс
3.Балалардағы тіс жегісінің алдын алудың иновациялық әдістері-3 курс
4.Балалар стоматологиялық тәжірибесіндегі шұғыл жағдай-3 курс
5.Тұрақты тістердің асқынған тіс жегісін емдеу ерекшеліктері-4 курс
6.Балалардағы тіс-жақ жүйесінің, ауыз қуысы мүшелерінің және беттің даму ақаулары мен ауытқулары-4 курс
7.Эстетиканы қамтамасыз етудегі көрінбейтін ортодонтия принциптері-4 курс
Кафедрада дәстүрлі (пассивті) әдістермен қатар практикалық-бағытталған сипатқа ие оқытудың инновациялық әдістері белсенді қолданылады: кейс-стади, проблемалық-бағытталған оқыту, командалық-бағытталған оқыту, Іскерлік, рөлдік ойындар, “миға шабуыл” әдісі, топтық пікірталас әдісі, аралас сұрау, шағын топтарда оқыту әдісі, симуляциялық технологиялар, презентациялар. Инновациялық оқыту әдістері нақты кәсіптік жағдайға барынша жақындаумен сипатталады және болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін және студенттердің оқыту процесінің нәтижесі үшін жауапкершілігін барынша тиімді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Соңғы бес жыл ішінде командалық-бағдарланған оқыту (ТBL); “MOODLE”платформасында қашықтықтан оқыту элементтерін пайдалану енгізіле бастады.