Оқу-әдістемелік жұмыс

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқу-әдістемелік жұмысы жалпы білім беру пәндерінің типтік оқу бағдарламасына, кафедраның жұмыс жоспарына және оқытушылардың жеке индивидуалды жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылған. Кафедра университеттің бірінші және екінші курс студенттерімен оқу әдістемелік жұмыс жүргізеді. Кафедраның оқу – әдістемелік жұмысы келесі бағыттарда ұйымдастырылған:

  • оқу үдерісін кешенді-әдістемелік қамтамасыз ету;
  • кафедра оқытушыларының өзара сабаққа қатысуы;
  • оқытудың инновациялық әдісі мен түрлері;
  • оқу-әдістемелік құралдар шығару;
  • пәндер бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірлеу;
  • ағымдағы және қорытынды бақылау тесттарын әзірлеу;
  • оқу-әдістемелік кешендер, жұмыс бағдарламасымен силлабустар әзірлеу.

Барлық факультет студенттеріне дәрістер заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқытылады. Кафедра оқытушылары жұмыс барысында студенттердің білімін бағалауда әр түрлі әдістер қолданады, яғни тесттік тапсырмалар, ситуациялық жағдайды шешу, ауызша сауалнама.