«В.Ю.Курляндскийдің дәуірі»

Ортопедиялық стоматология кафедрасы әлемге әйгілі Ресейдің ғалымы, дәрігер ортопед-стоматолог, медицина ғылымының докторы, профессор В.Ю.Курляндскийдің 110-жылдығына арналған «Ортопедиялық стоматологиядағы жаңа материалдар мен технологиялар» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізу қарсаңында дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осыған байланысты профессор С.Р. Рузуддинов 4-5 курс студенттеріне «В.Ю.Курляндскийдің дәуірі» атты тақырыпта дәрістер оқыды. Дәріске студенттермен қоса профессор-оқытушылар құрамы, докторант, магистрлар және басқа да қызметкерлер қатысты. Бұл конференцияға жақын және алыс шетелден (Болгария, Түркия, Россия, Белорусия, Израиль, Өзбекістан, Қырғызстан) стоматология саласынының әйгілі ғалымдары мен мамандары, тәжірибелік дәрігерлер шақырылған. Осыған орай ортопедиялық стоматология кафедрасында кітапхана бұрышы ұйымдастырылды және келетін қонақтар туралы ақпараттық банерлік стендтер дайындалып, көрме ашылды. Яғни, студенттерге ғылымға қызығушылық дамытылып, кәсиби тәрбиелеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.