Елбасы. Тәуелсіздік

 

Биофизика курсымен информатика кафедрасы алтыншы жыл қатарынан №5 жатақхананың оқу бөлмесінде Елбасы күнін атап өтті. Шараның мақсаты ұлт басшысының өмір жолын өскелең ұрпаққа насихаттау.

Дөңгелек үстелде профессоры Адибаев Б.М., аға оқытушылар Алмабаева Н.М., Умирбекова З.К. және СТ18-001,002 топ студенттері қатысты. Президенттің өмір жолы туралы кинофильм және презентациялар көрсетілді. Сонымен қатар еліміздің жеткен жетістіктері мен болашағы, Астана қаласының 20 жылдығы талқыланды. Шара барысында студенттер ойларын ортаға салды (туған жер, әндер айтылды және домбырада өнер көрсетті).