«Жемқорлыққа – жол жоқ»

21 сәуір 2018 жылы, сағат 12.30-да ҚазҰМУ спорттық кешенінде «Жемқорлыққа – жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: 1. Жемқорлық жайында түсінік. 2. Жемқорлықпен күресуге шақыру. 3. Жемқорлықтың себеп-салдарын талқылау.

Дөңгелек үстелге жалпы медицина мектебінің студенттері, фармация мектебінің студенттері, стоматология мектебінің студенттері, Х.Досмухамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің студенттері қатысты.

Жалпы қатысқан студенттер саны – 80 студент.

Студенттер жемқорлық тақырыбына байланысты баяндамалар оқыды. Кафедраның тәрбие жұмысы бойынша жауапты аға оқытушы Жаксылыкова К.С. «Жемқорлыққа – жол жоқ» тақырыбында баяндама оқыды. Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында жемқорлық тақырыбында көрініс қойылды, сұрақ-жауап, әңгімелер айтылды.

Жауапты оқытушылар: аға оқытушы Самойленко А.Н., оқытушы Искаков М.Е., оқытушы Китапиянов А.Д.