ӨСҚ негіздері курсы бар дене тәрбиесі кафедрасының тәрбие жұмысы бойынша есебі

30 сәуір 2018 жылы сағат 11.00-де ҚазҰМУ-дың №1 жатақхананың оқу залында «Этнос аралық және ұлтаралық татулық» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты мен міндеттері: Көп ұлтты Қазақстан халқының бірлігін, ынтымақтастығын, татулығын нығайту.

Сәндеу жұмыстары: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, Қазақстан Республикасының картасы, 1 мамыр мерекесіне арналған көрнекіліктер ілінді.

Аталған іс-шараға барлық факультеттен жалпы 30 студент қатыстырылды.

Дөңгелек үстелдің тақырыбына байланысты студенттер өлең жолдарын оқып, түрлі баяндамалар ұсынды. Оқытушылар мен студенттер 1 мамыр – ынтымақтастық күні жайлы өз пікірлерімен бөлісті.

Жауапты оқытушылар: аға оқытушы Джакипбаева Р.А., аға оқытушы Камбарова А.Ж., аға оқытушы Асылхан Б.

ӨСҚ негіздері курсы бар дене тәрбиесі

кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент О.Ю.Фадеева