“Student planet” атты шет тілінде ән байқауы өтті

 

Университетімізде ректордың айтуымен үш тұғырлы тіл саясаты жүргізілуде.Яғни,бәрімізге белгілі туған тіліміз ол қазақ тілі,ресми тіл-орыс тілі болса,қазіргі таңдағы барша салада сұранысқа ие болып отырған ол ағылшын тілі.Студенттеріміздің мәдени құзіреттілігімен тіл сауаттылығын дамыту мақсатында шет тілдер кафедрасының ұйымдастыруымен жыл сайын “Student planet” атты шет тілінде ән байқауы өткізіліп отырады.Биылда бұл байқау ұйымдастырушылардың назарынан тыс қалмады.”Concordia” театрнда өткен байқауға әр факультеттен өнерлі,дарынды,белсенді студенттері қатысты.Алдын ала іріктеу турынан өткен қатысушыларымыз үлкен дайындықпен келгені көрініп-ақ тұрды.Соның ішінде өзіміздің Стоматология институтының қатысушыларын ерекше атап өтсек. Гистология пәнінің кафедра меңгерушісі Ерғазина Марал Жүнісбекқызы мен оқытушы Жанбырбаева Айнұр Қайырғалиқызы-ның жетекшілігімен 2 курс 12-002 топ студенттері Әмірбекова Назерке мен Әділбекова Ақерке ерекше шоу-бағдарламасымен көзге түсіп 2 орынды жеңіп алса,1 курс студенті Рахметжанова Айнұр жүлделі 1-ші орынға ие болды.Байқауға қатысқан барша қатысушыларға үлкен алғыс білдіре отырып,өнерлерің өрге жүзсін демекпіз!

 

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы Ермек Динара

IMG-20140423-WA0116

IMG-20140423-WA0062

IMG_2827

IMG_2826

IMG_2825IMG_2812IMG_2831