“Жақсылықты бізбен бірге жаса” атты қайрымдылық шарасы

М.ғ.д. профессор Ермуханова Г.Т. басқаратын балалар стоматологиясы кафедрасы 2016-2017 оқу жылында “Жақсылықты бізбен бірге жаса” атты қайрымдылық шарасы Алматы қаласының №2 тірек-қозғалыс аппаратының ауытқуы бар мектеп-интернатында өткізіледі. Кафедра оқытушыларымен «Денсаулық мектебі», «Ауыз қуысының гигиенасы сабағы» жақ-тіс аномалияларының алдын-алуы және оларды анықтау, шырышты қабаттың ауруларын анықтау және «Дұрыс тамақтану – тістердің саулығының кепілі» тақырыбында әңгімелесу жоспарланылды.

28.02.2017 ж кафедраның доценті Каркимбаева Г.А. және кафедра ассистенті Ибрагимова К.Х., Камиева З.Р., Дурумбетова М.М., басшылығымен факультеттің 3,4 және 5 курс студенттерімен халықаралық алғыс айту күніне орай қайырымдылық акциясы өткізілді. 55 оқушы жиналған акт залында «Балалардың тістерін қалай тазалау керек» гигиена сабағы, «Тіс туралы ертегі», «Таза тіс» қойылымдары, «Ауыз қуысының гигиенасы» ойыны, сондай-ақ «Зубная быль» мультфильмі көрсетілді және тіс щеткалары сыйлық ретінде берілді. Қайырымдылық акциялары айналым алуда және алдағы уақытта жыл бойына жалғасын табады.