«Жемқорлыққа жол жоқ» атты іс-шара өтті

31.10.2016 күні сағат 19:30 да стоматология факультетінің студенттеріне номері 5-ші жатақхананың оқу бөлмесінде «Жемқорлыққа жол жоқ» атты іс-шара болып өтті. Іс шараның басты мақсаты студенттер арасында жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру болды. Оған стоматология факультетінің деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Анида Даниярқызы және 1,2,3 курс студенттері қатысты.

Іс шараны 2 курс студенті Әбен Анар жүргізді. 2курс студенті Қалдыбаева Жамиланың дайындаған презентациясы қатысушы студенттерге ұсынылды. Осы презентацияға байланысты студенттердің зеректіліктерін байқау мақсатында 2 курс студенті Абдигалиева Шолпан интеллектуалды сұрақтар қойса, 1 курс студенттері Нұрбек Асылгүл мен Ереева Әсел «Туған жер» атты әнін баршаға тарту етті. Студенттердің арасынан өте белсенділері көп екені анықталды. Айта кететін болсақ Абдулла Қайрат, Егемберлі Әкім, Қамар Алмагүл. Студенттерге Әбен Анар түрлі ситуациялық есептер беріп тапқырлықтарын сынады.

Жемқорлықтың салдарынан болатын медицинадағы орны толмас олқылықтар жөнінде бейнеролик көрсетіліп, тыңдармандарымызға үлкен ой саларлықтай болды. Сонымен қатар Салық Қуаттың студенттерге дайындап әкелген сөзжұмбағы таратылды. Іс-шарамыздың қорытынды сөзін деканымыздың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Анида Даниярқызы қорытындылады және жемқорлықпен күресті әрбір адам өзінен бастауы тиіс екендігін айтты.