Оқу-әдістемелік жұмысы

Ортопедиялық стоматология пропедевтикасы – студенттің кәсіби білімі мен тәжірибелік дағдыларының алғашқы іргетасын қалап, мамандық бойынша білім алуға оң ықпал ететін, жақсы дәрігер-стоматолог болудың негізін қалаушы стоматологияның бір бөлімі болып табылады.

Пән болашақ мамандарды ортопедиялық стоматология клиникасын ұйымдастыру мәселелері мен құрал-жабдықтарымен танысу, науқасты тексерудің арнайы және жалпы әдістерін, соның барысында анықталған ауру белгілерін (симптоматология немесе семиотика), тістің қатты тіндері мен тіс қатары кетіктерінің және пародонт аурулары мен тіссіз жақтың этиологиясына, клиникасына, диагностикасына және ортопедиялық емдеу әдістеріне бағытталған.

Пәннің мақсаты: дәрігерлік деонтология саласында студенттердің білімі мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру, тексеру әдістері, тіс — жақ жүйесі ауруларының диагностикасы мен семиотикасының жалпы принциптері, тістің қатты тіндері мен тіс қатарының ақауларын ортопедиялық емдеу негіздері.

Пәннің міндеттері:

  • Ортопедиялық стоматология пропедевтикасының тіс дәрігерлік даярлаудағы ролі туралы түсінік қалыптастыру;
  • Ортопедиялық стоматология кабинетіне қойылатын гигиеналық талаптар, құрал-жабдықтарды қолдану мен оларды пайдаланудағы техникалық қауіпсіздік ережелері туралы түсінік беру;
  • Негізгі және қосымша стоматологиялық жабдықтар және құралдармен жұмыс істеуді үйрету
  • Дәрігерлік деонтология, семиология, диагностика негіздері мен негізгі стоматологиялық аурулар туралы түсінік беру;
  • Стоматологиялық сырқаттарды тексерудің негізгі және қосымша әдістерін үйрету;
  • Дәрігер-стоматологтың негізгі кәсіби мануальді дағдыларын үйрету;

Шайнау аппаратының биомеханикасын және қызметтік анатомиясын, тіс протездерінің әртүрлі құрылымындарын жасау технологиясын, сонымен қатар құрамы мен қасиеттерін,тіс протездерін жасауда қолданылатын негізгі және қосымша жадығаттарды зерттейтін тіс протездерін жасау технологиясы-стоматологияның маңызды бөлімі болып табылады.

Болашақ мамандар ортопедиялық стоматологияда қолданылатын қазіргі заманғы жадығаттар, тіс техникалық лабораториясы жұмысының ұйымдастырылуына ерекше назар аударулары керек.

Ортопедиялық стоматологиядағы материалтану және тіс протездерін жасау технологиясының сұрақтары қосымша мағынаға ие. Типтік оқу бағдарламасының негізін құрайтын тақырыптар бөлімінің санағы теориялық және тәжірибелік бағытқа ие. Бағдарлама құрылымына әртүрлі құрылысты тіс протездерін жасау кезеңдерінің негізгі түсініктері мен білімдерін кезекпен жеткізе білу, студенттердің дағдылар мен білімін күнделікті жетілдіріп отыру жатады.

Тіс протездерін дайындау технологиясы пәнінің бағдарламасы төменгі жақтың биомеханикасы және шайнау аппаратының негізгі элементінің анатомиялық ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі құрылымды тіс протездерін жасауда қолданылатын жадығаттар мен технологиясының негізгі қасиеттерін оқуға бағытталады.

Пән мақсаты: Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын әртүрлі құрылымды дайындау технологиясы бойынша тәжірибелік дағдылар және студенттердің білім жетілдіру.

Оқыту мақсаттары: оқыту

  • Шайнау аппаратының биомеханикасы мен заңдылықтары туралы негізгі білім беру;
  • Ортопедиялық стоматологияда пайдаланылатын негізгі және қосымша жадығаттарды қолданудың негізгі ұстанымдары және олардың технологиялық кезеңдеріндегі өзгерістері туралы білім беру;
  • Тістехникалық дабораторияның жабдықтары және негізгі құрал- саймандар туралы түсінік беру;
  • Әртүрлі құрылысты тіс протездерін жасаудың (фантомда) мануалды дағдысына үйрету;