Стоматология институты Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз мерекесін тойлап өтті

Қазақ халқының жаңа жылы болып саналатын наурыз мерекесін қанша тойласақта айып болмас!

Университетімізде жыл сайын тойланатын бұл мереке биылда өз жалғасын тапты. Биыл 13.04.2013 күні мерекелік іс-шара тойланды. Көктемнің шуақты күнінде университет ауласы ерекше бір,әсем бейнеге оралғандай болды. Үлкен киіз үйлер тігіліп, кең дастархан жайылды. Университет басшылығының ұйымдастыруымен өткен наурыз-думанға аға оқытушылар, университет қызметкерлері мен студенттерден басқа да сыйлы қонақтар қатысты.

Мерекелік іс –шараның қызықты сәті концерттік бағдарламадан басталғаны сөзсіз. Талантты студенттеріміздің ән мен би өнерлеріне сүйсінген қонақтардың назарына сонымен қатар сахналық қойылымдарда ұсынылды.

Университет көлемінде өткен мейрамда біздің Стоматология институты әдеттегідей белсенді атсалысты. Институтымыздың дарынды суретшісі 1 курс студенті Динара Сагинованың жеке көрмесі қонақтардың назарына ұсынылды. Динараның көрмесін тамашалауға көптеген беделді қонақтар келіп, өздерінің таңданыстарымен, игі тілектерін білдіріп жатты.

Сонымен қатар, спортшы студенттеріміз өздерінің қабілеттерін танытып үлгерді. Атап айтсақ, арқан тартыс, қол күрес және т.б ойындар ұйымдастырылып,жеңіске жеткен студенттерімізге сыйлықтар табыс етілді. Мерекелік іс-шара қызыға түсті. Алтыбақан аясындағы студенттердің қуанышында шек болмады.

Студенттер наурыз көже мен көптеген дәмді тағамдардан дәм татты. Қызықты мейрам соңында барша жиналған қауым көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы

Ермек Динара