Стоматология факультетініңортопедиялық стоматология пропедевтикасымодулінің №5 жатақханада өткізген мерекелік іс-шарасы

28.11.2012ж Стоматология факультетінің ортопедиялық стоматология пропедевтикасы модулі, жетекшісі Есиркепов Асылбек Әбдірасылұлының басшылығымен профессорлармен оқытушылар құрамы №5 жатақханада жоспарлы түрде өзінің кезекті мерекелік іс-шарасын өткізді.Мереке «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұңғышпрезидент-ұлт көшбасшысы» атты тақырыбында өрбіді.Бұл іс-шара Н.Ә.Назарбаев туралы кең мағлұмат бере отырып ,Қазақстанның егеменді ел болуына Елбасымыздың қосқан үлесінің зор екендігі айтылды.Сонымен қатар модуль жетекшісі ортопедиялық стоматология пропедевтикасы модулінің профессорлық оқытушылар құрамы мен олардың ғылыми жетістіктері жайында , модульде өткізілетін пәндер, элективтер және олардың мақсаты мен мәні туралы мағлұмат беріп ,студенттерді ғылыми жұмыстармен айналысуға баулыды.Қонақта стоматология факультетінің деканы Амантаев БақанайАмантайұлы болды.Қызықты дөңгелек үстелдің жалғасы студенттік өмірді бір сәтке еске ала отырып стоматология факультетінің деканы Амантаев Б.А,ортопедиялық стоматология пропедевтикасы модулінің ПОҚ жатақхана бөлмелерін аралап студенттердің тұрмысымен танысты оларға болашақта беделді бәсекеге сай маман иесі болуларын тілеп ,өздерінің ақыл кеңестерімен бөлісті.