Стоматология факультетінің Студенттік Үкіметі мен Студенттік Деканаты басшыларының сайлауы

20-шы қазан күні сағат 17:00 де Мәншүк Мәметова атындағы №1 аудиторияда Стоматология факультетінің Студенттік Үкіметі мен Студенттік Деканаты басшыларының сайлауы болып өтті. Алғашқы сөзді Студенттік Үкіметтің экс-төрайымы Ермек Динара мен Студенттік Деканаттың экс-төрайымы Әнуарбекова Сымбат бастады. Олар өз сөзінде сайлауға түсетін кандидаттарға сәттілік тіледі.

Сонымен, алғашқы болып, Студенттік Деканат кандидаты, Стоматология факультетінің 3-ші курс студенті Әлжекесова Бибігүл өз бағдарламасын қорғады.(Әр кандидатқа берілген уақыт 2 минут). Екінші болып ортаға Студенттік Деканат кандидаты, Стоматология факультетінің 2-ші курс студенті Демисинова Салтанат шықты. Ол өз бағдарламасын жоғарғы деңгейде қорғады. Келесі болып, Студенттік Үкімет кандидаты, Стоматология факультетінің 2-ші курс студенті Қалдыбаева Жамила өзінің ерекше бағдарламасын көрермендерге ұсынды. Және соңғы болып, Студенттік Үкімет кандидаты, Стоматология факультетінің 3-ші курс студенті Құрмантаев Еламан өз бағдарламасымен таныстырды. Барлық кандидаттарға көрермендер тарапынан өзекті сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.

Ұйымдастырушылар тарапынан сайлауға дауыс берушілерге арнайы бюллетень таратылды. Сайлау жасырын түрде(анонимно) өткізілді. Бюллетендерді сайлауға қатысушылар арнайы жәшікке салды. Сайлауға жалпы 49 адам қатысты. Сайлау нәтижесі бойынша, Студенттік Деканат басшылығына 26 да 22 дауыс басымдылығымен(1бюллетень жарамсыз деп табылып, дауыс ескерілмеді) Демисинова Салтанат, Студенттік Үкімет басшылығына 42 де 7 дауыс басымдылығымен Құрмантаев Еламан сайланды. Экс-төрайымдар Ермек Динара мен Әнуарбекова Сымбат жеңімпаздарды құттықтады. Факультетіміздің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Анида Даниярқызы жаңа басшылардың алдағы атқарылатын жұмыстарына сәттілік тілеп, оларды құттықтады.

Сайлауды университетіміздің президенті Бөріхан Ерболат өзінің мағыналы, ерекше сөздерімен аяқтады. Орындаған: Стоматология факультетінің ақпараттандыру және қоғамдық істер сеткорларыТас Жансая, Касенова Динара.