Стоматология факультетінің 1-ші курс студенттері университетіміздің ректорымен кездесу кеші өтті

Стоматология факультетінің 1-ші курс студенттері университетіміздің ректорымен кездесу кеші өтті.

Ағымдағы айымыздың 29ы күні «Даңқ» залында ҚазҰМУ ректоры Ақанов Айқан Ақанұлы стоматология факультетінің 1-ші курс студенттерімен кездесті. Университетіміздің басшысы студенттерді оқу жылының басталуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Ректордың сөзі бойынша, «жыл сайын бәсекелестік қана емес, студенттердің бәсекеге қабілеттілігі де артып келеді. Жыл өткен сайын студенттердің сапасы да жақсаруда».

Ректор студенттердің назарын 3 мәселеге аудартты. Бұл ұлтаралық келісім, діни және әлеуметтік толеранттылық.

Айқан Ақановтың сөзіне сүйенсек, ҚазҰМУ-да әлемнің көпелінен келген жастар білім алады, олардың барлығының басын ақ халат пен дәрігер мамандығы біріктіреді. Медицина ұлтқа бөлінбейді. Және медицина қызметкері жер бетіндегі науқастардың барлығын ұлтына қарамай бірдей емдеуге тиіс. Университетте дін тұрғысынан ешқандай келіспеушіліктер мен қайшылықтар болмауы қажет. Біз еліміздің басты бренді – дінаралық және ұлтаралық келісім мен толеранттылықтың сақталуын қамтамасыз етуіміз керек. Және де діни мәселелерді көтеретін адамдарға медицинада орын жоқ. Біздер мұнда діни қайраткер емес, дәрігер болуға келдік.

Келесі тағы бір маңызды аспект – үштілділік. Біздің елімізде пациенттер екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде сөйлейді. Және әрбір дәрігер қай тілде оқығанына қарамастан, түсіндіре білуге және анамнезді дұрыс құрастыруға тиісті. «Сіздер пациенттің тілімен сөйлеулеріңіз керек» — деді Айқан Ақанов. Осыған байланысты, оқыту бағдарламасына қазақ тілінде (орыс бөлімдері үшін) және орыс тілінде (қазақ бөлімдері үшін) өтетін пәндер енгізілді. Әрине, әрбір студент ағылшын тілін меңгеруге талпынуы тиіс, өйткені әлемдегі ақпараттың 95%-ы ағылшын тілінде.

Тәрбиепроцесі – бұлбөлекмәселе. Студенттердімәдениет пен өнерге баулу мұндамаңыздыорындатұрады. ҚазҰМУ-дыңмәденидәстүрлерініңбірібірінші курс студенттерініңтеатрларға, филармонияға, концерт залдарынакөпшілікболыпбаруынұйымдастыру. Және де, студенттердіңқоғамдықөмірге, студенттікұйымдардыңжұмысынақатысуықажетекеніерекшеайтылды.Университетімізде әрбір студенттің өзіндік құқықтары мен қатар жауапкершілігі бар екендігін атап өтті. Сонымен қатар жиналыста ректордың оқу және тәрбие жөніндегі орынбасары, проректор Төлебаев Қазбек Ағабылұлы сөзін жалғастырды. Әрбір адам өзін Патриотизмге ұмтылып, мәдениеттілікпен лидер болуға өзін шыңдап, қосымша білім алып, өз бетінше оқу керектігін және жемқорлықпен күресу әрбір адамның міндетті екендігін айтып, терроризммен экстремизмнен аулақ болуды ескертті.

Жиналыстың соңын стоматология факультетінің деканы Амантаев Бақанай Амантайұлы қорытындылап, өз студенттеріне алдағы оқу жылына сәттілік тіледі. Оқумен қатар университетіміздің қоғамдық істеріне белсене атсалысуға шақырды. Факультетіміздің жаңа студенттік деканы мен үкіметі төрайымын таныстырды. Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, қанағаттанарлық жауап та алынды.

Ақпараттандыру және қоғамдық

істер секторы Әлжекесова Бибігүл.