Стоматология факультетінің 1,2 курс студенттері ардагер ұстаздармен кездесу өткізді

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің стоматология факультетіне биыл 55 жыл.Әрине біз,болашақ стоматологтар үшін,бұл жыл-ерекше жыл.Осы мерейтойға байланысты биыл университетімізде көптеген игі іс-шаралар өтуде.Соның бірі,стоматология саласында үлкен үлес қосып,талмай еңбек еткен,стоматология саласында өздерінің қолтаңбаларын қалдырған факультетіміздің алғашқы түлектері,ұстаздық еткен еңбек ардагерлері м.ғ.д,профессор Ибрамова Роза Сафиловна,м.ғ.д Русанов Владимир Петрович,м.ғ.д Есим Әскербек Жармағамбетұлы және доцент,м.ғ.д Телебаева Гүлшаш Телебаевна-мен 1,2 курс студенттерімен кездесу өткізілді.Өздерінің ерен еңбегінің арқасында осындай биік белесті бағындырған ардагер ұстаздарымызбен кездесуді студенттеріміз асыға күткен болатын.Бұл іс-шара студенттерімізді ардагер ұстаздарымызбен жақынырақ таныстырып,олардың өмір жолын,бастарынан кешкен қызықты оқиғаларын естіп,және де әрине ақыл кеңестерін тыңдау мақсатында ұйымдастырылды.Кездесу барысында кеш қонақтарына жеке-жеке сөз берілді.Ардақты қонақтарымыз өздерінің мектептегі,институт қабырғасындағы қызықты оқиғаларымен бөлісіп,ақылды,өнегелі тілектерін білдірді.Студенттеріміз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып,белсенді атсалысып отырды.Кездесуді Стоматология факультетінің деканы Амантаев Бақанай Амантайұлының өзі жүргізді.Кездесу соңында студенттеріміз ұстаздарымызға гүл шоқтарын табыстап,шығарып салды.Бұндай мағыналы да мәні бар кездесулер университет қабырғасында көптеп өткізілсе деген ниет білдіреміз.

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы Ермек Динара

20140411_141414 20140411_141424 20140411_141539 20140411_141556 20140411_141643 20140411_141704 20140411_141713 20140411_142620 20140411_142623